Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Халық ақыны атанған Бала Ораз қайда жерленген

Құлманбетпен айтысы - қазақ әдебиеті тарихындағы көркемдігі жоғары, ең үздік айтыстардың бірі.

Фото : www.inform.kz25 августа 2018, 10:56

Халық ақыны атанған Бала Ораз Өтебайұлының (1837-1882) мұрасы бүгінгі күнге дейін жеткенімен, әлі дұрыс зерттелмеген. Бала Ораздың Гурьевке арналған алғашқы әннің авторы екендігі баршамызға аян, дейді Қазақпарат.

Ол 1882 жылы қазіргі Махамбет ауданы, Таңдай ауылынан солтүстік-батысқа қарай 30 км жерде жерленген. Жыраудың мазары жергілікті маңызы бар киелі орындар қатарына енген. Бала Ораз әкеден жастай жетім қалып, жалшылық өмір кешкен.

Өсе келе өнер қуып Жем, Жайық, Ойыл, Қобда, Торғай, Нарын құмы, Сыр бойы елдерін аралап, ақындығымен елге танылған. Шыншыл, турашылдығы үшін қуғын-сүргін көп көрген. Мұрат, Құлманбет, Жібек, Алма қыз, Тама Досжан сынды ақындармен айтысқан.

Бала Ораздың Алма қызбен айтысуы қыз бен жігіт айтысы үлгісінде, әзіл-қалжың, сөз жарыстыру, көңіл-күй әуеніне құрылған. Оның ақындық дарыны Мұратпен, Жібек қызбен, Құлманбетпен болған айтыстарынан айқын танылады.

Жібекпен айтысында ел қорғаған батырларды жырлайды, айтыс желісінен Ресей үкіметінің отарлау саясатына, ұрда-жық төрелеріне, оларға жарамсақтанған жергілікті әкімдеріне наразылығы айқын байқалады.

Құлманбетпен айтысы - қазақ әдебиеті тарихындағы көркемдігі жоғары, ең үздік айтыстардың бірі. Тойбастар, арнау өлеңдерінде ерлікті, елдікті толғап, өмірдегі жағымсыз істерді өткір әшкерелеген. Ол әйгілі әнші Мұхитпен қатар жүрген, өзіндік саз, әдемі әуені бар әнші-ақын болған.

«2007 жылы ақынның 170 жылдығына орай жерленген жеріне кесене тұрғызылды. Айналасын биіктігі 1 метр болатын темір қоршаумен қоршаған. Мазардың биіктігі - 7 метр, көлемі - 3х3 метр. Атырау облысы әкімдігінің 2010 жылғы 23 қарашадағы №299 қаулысымен жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілген», дейді Атырау облысы тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспекциясы басшысының орынбасары Фархад Байдәулетов.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии