Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

БҚО-да жол апатынан ер адам көз жұмды

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.

Фото : www.inform.kz27 августа 2018, 11:03

Бүгін Орал-Атырау жолы бойында автокөлік аударылып, ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға қаладан шығаберістегі Свистун гора маңында орын алды.

Жедел жәрдемге шақырту сағат 05.46-да түскен. Жедел жәрдем бригадасы үш минуттан кейін көлік аударылған жерге жетті. 1967 жылғы ер адам оқиға орнында мерт болды.

Алдын ала мәлімет бойынша басынан жарақат алып, миы шайқалған 1967 жылғы әйел адам орташа жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілді.

Куәгерлердің сөзіне қарағанда, автокөлікте ерлі-зайыпты адамдар болған. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии