Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Uber, InDriver мен Яндекс Такси: Қазақстанда 50 мың таксишіні қалай заңдастырады

Мобильді такси қызметтерін заңдастырудың нәтижесінде 50 мың таксиші «көлеңкеден» шығады.

Фото : ҚазАқпарат12 сентября 2018, 17:44

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі электронды такси қызметтерін қалайша заңдастыратынын түсіндірді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаевтың айтуынша, Uber, InDriver мен Яндекс Такси сияқты мобильді қосымшалар бойынша адам таситын көлік құралдары көп жағдайда теxникалық талаптарға сай келмейді. Бұған дейін министрлік аталған команиялармен келіссөз өткізіп, көлік жүргізушілерімен келісімшартқа отыруды талап еткен. Алайда қазіргі заңнама бойынша такси-моторлық қызметті көрсету үшін ескерту xат берілсе де жеткілікті.

«Олар осыны пайдаланып, емін-еркін адам тасып жүр. Осыған байланысты біз ғаламтор арқылы такси қызметін заңдастырып, тиісті нормативтік құжаттарға өзгеріс енгізіп отырмыз. Енді, нақты регламент болады. Компаниялар әрбір көлік жүргізушіні тексере алады. Көлік құралының теxникалық тексерісі бар ма, жоқ па, оны да талап ете алады», - деді Ә.Асавбаев Парламент Мәжілісінде арнайы заң жобасын таныстыру кезінде.

Министрліктің мәліметіне сәйкес, мобильді такси қызметтерін заңдастырудың нәтижесінде 50 мың таксиші «көлеңкеден» шығады.

Айта кетейік, Парламент Мәжілісінің депутаттары көлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық өзгерістерді талқылауға кірісті. Соның ішінде республикалық жолдарда көлік құралдарын жаппай тоқтату тәжірибесіне тыйым салу мәселесі де бар.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии