Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

33 IT-маман «Самұрық-Қазына» Қорына жұмысқа тұрады

Қор компанияларында 2100 үміткердің арасынан іріктеліп алынған 65 жас IT маман тағылымдамадан өтті.

Фото : Zakon.kz14 сентября 2018, 19:13

«Самұрық-Қазына» Қоры «Цифрлы жаз-2018» тағылымдама бағдарламасын қорытындылады. Бағдарлама аясында IT саласындағы 33 маман Қазақстанның ең ірі компанияларына жұмысқа тұратын болды.

«Самұрық-Қазына» АҚ операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры Әлішер Пірметовтің айтуынша, Қор компанияларында тағылымдамадан өтуге көптеген жас маман талпынған.

«Ол, біріншіден, еліміздің ең ірі ұлттық компанияларында жұмыс істеу мүмкіндігі, ойыңдағыны орындау, жаңа білім алу және іс жүзінде машықтану мүмкіндігі. Мұндай байқау бізде басқа болған емес», - деп атап өтті Әлішер Пірметов бағдарлама түлектеріне арналған құттықтау сөзінде.

Барлық түлектер Қордың электронды құжат айналымына көшу жобасын әзірлеуге қатысып, серверлерді жүргізуге көмектесіп, телеграм-ботқа арналған Java тіліндегі жаңа бұйрықтарды дайындады және тағы басқа жобаларға қатысты.

Тағылымдама «Сандық Қазақстан» кешенді бағдарламасының аясында жүзеге асырылды және Астана, Алматы, Атырау, Павлодар және Өскемен қалаларын қамтыды.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии