Горячие новости
Читайте также

Гүлзира Айдарбекова перзентханадан шыққан немересіне қандай есім қойды

Жақында ғана Гүлзира Айдарбекова тағы да әже атанғанын хабарлап, сүйінші сұраған еді.

Фото : stan.kz8 октября 2018, 09:51

Қайрат Нұртастың інісі Аян жұбайы мен тұңғышын перзентханадан шығарып алды тұңғышын, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жақында ғана Гүлзира Айдарбекова тағы да әже атанғанын хабарлап, сүйінші сұраған еді. Отбасының екінші атұстары Аян мен келіні Әйгерім алғаш рет ата-ана атанды. Бүгінде, жас әке туған-туыс, дос-жорандарымен бірге жұбайы мен сәбиін перзентханадан шығарып алды.

Дегенмен, көпшіліктен алғаш болып сүйінші сұраған Гүлзира Айдарбекованың өзі отбасының бүгінгі қуанышына қатыса алмапты.

«Шаңырағымызға қош келсін немереміз! Баршаңыздың дұға-тілектеріңізге алғысымыз шексіз! Сіздерге біраз сырымды бөлісе кетейін. Негізі Нүрекеңнің туған күні осы айдың сегізі. Асықпағанымызда сол күнге тура келер ме еді, мен іс-шаралармен Американың біраз ірі қалаларына шақырту алдым. Келінім босанып қалар деген үмітпен Астанаға барып біраз уақыт күтіп жүрдім.

Келініме түйенің етін жеп не шұбат ішіп қойған жоқсың ба десем, ия білмей қалдым, шұбат іштім деді. Ойыншық түйенің үстінен үш рет аттатып, көрпеге салып жан-жағынан көтеріп, оң ба сол ма деп мен айқайлап, жағалай көтеріп тұрған қыздар оң-оң деп айқайлап ырымын жасадық. Мен кеткенше көре алмай уайымдап кететін болды деп келінім, Аянымды ертіп алып 10 шақырым жаяу саябақта жаяу жүріп, Құдайдан тілегені болып әйтеуір 5-і күні босанды.

Сонымен, мен мәз болып, немеремді құшағыма басып 2 күн жандарында болып, бүгінгі перзентxанадан шығаруға қатыса алмай кеше ұшып кеттім. Алматыдан ұшатын болған соң, кездесу, қол қою деген сияқты асығыс үлгеруге тірліктерім үшін басқа амалым болмады. Бірақ мына видеоларды көріп қуаныштан жылап та отырған жайым бар», -деп жазды Гүлзира Айдарбекова инстаграм парақшасында.

Дегенмен, бесінші рет әже атанған Айдарбекова бүгінгі қунышқа қатыса алмасада, немересіне есімді өзі таңдап кеткен екен.

«Ал енді сіздер асыға күткен, немереміздің есімін айта кетейін. Немереміз жұма күні тура намаз уақытына таяп, Аян мен Занғар дәретін алып мешітке шыға бергенде “Сүйінші”xабар келді. Сонымен ары ойлап, бері ойлап жадымда сақтап жүрген бір есім бар еді. Кезінде Сезімге қоямын дегенімде, Сезім атасы сияқты қара қыз болып туылды, оны сезімтал болсын деп ырымдап Сезім қойдым.

Одан соң, Алауға қойсам деп едім, Алауым одан да қара қыз болып туылып, дереу басқа ат түнімен ойлап, көрген жұрттың жүрегін қарып өтсін, алаудай жалындасын деп, Алау қойдым. Өкіл қыздарыма Жания, Раяна есімдерін қойып, оларға да бұйырмады.

Енді міне жұма күні, намаз басталарда дүние есігін ашқан немеремді Ақмөр деп атадым. Олай деуімнің себебі: анам қыз тусаң атын осылай атасаң екен деп еді.

Бұл сөздің мағынасы қалай дегенімде: Алланың жіберген таңбасы деген болатын. “Бір жапырақ түссе де Алланың қалауымен” деген, қанша жерден ағаларымның қыздарына қоямын десем де, өзге немерелеріме қоямын десем де реті келмей жүрген есімнің, бүгін Алланың қалауымен реті келген екен. Құттықтауларыңыз үшін менен мың тағзым!»,-дейді Айбарбекова.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии