Горячие новости
Читайте также

Ауылдың қызымын: Ерке Есмахан бала күнгі естелігімен бөлісті

Ерке бала күнінен әнші болуды армандапты.

Фото : zakon.kz10 октября 2018, 10:00

Жақында тырнақалды фильмін жарыққа шығаратын Ерке Есмахан бала күнгі естелігімен бөлісті. Әнші ауыл туралы әңгімелеп, оқырмандарының жүрегін елжіретті, деп жазады Stan.kz.

“Ауыл мен Ерке егіз ұғым десем артық айтқаным емес. Мен ауылда тудым, ауылдың шаңын ат души жұтып өстім. Кешке қарай көрші қыздармен есік алдына шығып скакалка, мәк ойнап, резіңкеден секіріп, құмға аяғымызды көміп қойып әңгіме соғатын едік! Құлап тізені жара қылып, оған құм сеуіп емдейтінбіз!” – дейді Ерке.

Бүгінде сахнаның нағыз жарық жұлдызына айналған Ерке бала күнінен әнші болуды армандапты. Сол арманына бүгін жетті де.

“Ауылдың түнгі аспанында жұлдыздарды санап жататын арманшыл қыз болдым. Түнімен армандап, папа мамамның ортасына жатып алып айқайлап тоқтамай ән салатынмын! Екі тыңдарман аз болып, келесі күні көршілерді жинап қойып, орындыққа шығып алып саxнада xалық әртісі Ерке Есмаxанова деп ән айтатын едім қоймай! Үстіме кигенім – анамның көйлегі. Не дегенмен ауыл жұлдызы болдым, жасыратыны жоқ! Ырғыздан Ақтөбеге көштік. Одан арман қуып Алматыға келдім! Басталды ғо содан кейін қызықтың бәрі!
Одан кейінгі өмірім көрерменнің көз алдында өтіп жатыр деп ойлаймын. Қазір ауыл мен ауылдың қыздары басқа шығар. Бірақ менің көз алдымда ауылым дәл осылай сақталды! Ал, мен сол баяғы ауылдың қарапайым қызы Еркемін! Кейде өзімше болатыным бар енді!” – дейді Есмахан.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии