Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Өз қызын пышақтаған әке сотталды

Қансырап жатқан қызын көріп ашуы тарқап сабасына түскен әкесі жедел жәрдем шақырып, тіпті өзі алғашқы жәрдем көрсеткен.

Фото : otyrar.kz12 октября 2018, 12:34

28 жастағы бойжеткен қызын пышақтаған әкеге сот үкімі шықты. Шымкент қаласы Абай аудандық сотында бойжеткен қызын пышақтаған 58 жастағы ер адамға қатысты сот процесі аяқталды, деп жазады отырар.кз.

Жұмыстан келген бойжеткен қызы асханада ыдыс — аяғын салдырлатып кешкі ас дайындап, әкесіне теледидар қарауға кедергі болған. Болмашыдан басталған әке мен қызының арасындағы ерегіс қанды оқиғаға ұласқан. Ашуланып кеткен әкесі қызының ас дайындап жүрген қолындағы пышағын алып арқа тұсынан екі рет соққы жасаған.

Қансырап жатқан қызын көріп ашуы тарқап сабасына түскен әкесі жедел жәрдем шақырып, тіпті өзі алғашқы жәрдем көрсеткен. Ауруханадағы қызының барлық ем домына кеткен шығынды әкесі өзі төлеп берген. Ашумен өз перзентіне пышақ жарақатын салған әке қызының хал жағдайын біліп ауруханаға келіп тұрыпты.

Сотта жәбірленуші, яғни қызы әкесін кешіретіндігін айтып, барынша жеңіл жаза тағайындауды сұраған. Әкесі де өз кінәсін толық мойындап, өкінетіндігін жайып салған.

«Сот айыпталушыны толық кінәлі деп танып, ісің барлық мән жайын ескеріп, ең жеңілдетілген жаза — үш жыл бостандығын шектеу жазасын тағайындады»-деді Абай аудандық сотының судьясы Элеонора Бакирова.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии