Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Журналист шенеуніктердің ресми баяндамасын халыққа сауатты жеткізе білу керек

Дариға Назарбаева жас журналистерді қосымша сұрақтар қоюға шақырды.

Фото : bnews.kz12 октября 2018, 15:00

Жас журналистерге арналған "Jas Qalam" форумында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Дариға Назарбаева қылқалам мен микрофонның кәсіби маманы қазіргі жағдайда қалай жұмыс істеу керектігі туралы шеберлік сағатын өткізді десек те болады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

"Қазіргі таңда адамдардың өмірін бұқаралық ақпарат құралдарынсыз, журналистерсіз елестету қиын. Сіздер таңнан кешке дейін әр адамның өміріне бойлайсыздар. Мұны байқамасаңыздар да жұмыстарыңызды жасай бересіздер. Журналист болу дегеніміз ол – өз уақытыңның ұяты болу, көп нәрсе көру, тыңдау, білу, түсіну және оны түсіндіре білу. Қазіргі замандағы күрделі жаңалықтарды, оқиғаларды аудиторияға өте қарапайым, қолжетімді тілде түсіндіре, жеткізе білу тиіс. Біздің «Жас қалам» бағдарламасы аясында оқытудан өтіп, танымал журналистермен жолығу арқылы көп нәрсе үйреніп, алған білімдеріңізді күнделікті қызметте қолдану мүмкін болмақ», - деді Дариға Назарбаева.

Оның айтуынша, қазіргі таңда журналистер алдында мемлекет пен қоғам арасындағы модератор болу керек деген үлкен мақсат бар.

«Бүгінде журналистиканың алдында тұрған ең басты сын-тегеуірін - мемлекет пен қоғам арасында модератор немесе медиатор бола білу. Бұл бүгін ғана емес барлық уақытта болды, ертең де бола бермек. Асыра айтқаным үшін кешірім сұраймын, шенеуніктердің «құс тілін» кең аудиторияға жеткізе білу керек", - деп атап өтті Назарбаева.

Сенатор журналистер мемлекеттегі маңызды нәрселер туралы барлық ақпаратты өз оқырмандарына және көрермендеріне жеткізуге тиіс екенін атап өтті.

"Егер сөз Қазақстанның денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламасы туралы болса, онда әрбір адамға ол үшін нені білдіретіндігін жеткізе білу қажет. Ал егер білім беруді дамыту бағдарламасы төңірегінде болса, онда әрбір ата-анаға, әрбір мұғалімге одан қоғамның не күтетіндігін және бағдарлама неге бағдарланғанын, ақшаның қайда бағытталатындығын және оның қалай жұмсалатындығын жеткізе білу керек. Қазір бізде электронды үкімет бар, барлық мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары бар. Олар өз ресурстарында атқарған қызметі, бюджеті, шығындары туралы ақпарат жариялайды. Осы ақпаратты пайдалана білу үлкен міндеттеріңіз болып отыр", - деді Сенат дептутаты.

Қазақстандық журналистиканы дамытуға жас журналистердің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған кең ауқымды «Jas qalam» жобасына 100-ден астам журналист қатысуда. Олардың қатарында журналистермен қатар журналистика факультетінің студенттері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарына қызығушылық танытатын жастар да бар.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии