Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қазақстанның ҰЭМ басшысы АҚШ-тағы әріптестерімен ынтымақтастық мәселесін талқылады

АҚШ Коммерциялық министрі У.Росспен кездесу барысында сауда-экономикалық өзара әрекеттестікке қатысты ауқымды мәселелер талқыланды.

Фото : ҚР ҰЭМ баспасөз қызметі12 октября 2018, 15:28

Қазақстан Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Вашингтонға жұмыс сапары барысында америкалық әріптестермен ынтымақтастық жәйі, бұдан бұрын қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру және Штаттың санкциялық саясаты сынды бірқатар мәселелерді талқылады деп хабарлайды zakon.kz.

Келіссөздер барысында ү.ж. қаңтардағы Қазақстан мен АҚШ президенттерінің арасында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруға баса назар аударылды. Сонымен бірге, АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялар енгізу жағдайындағы Қазақстанның экономикалық мүддесінің сақталуы мен Қазақстанның ЭЫДҰ-ға ықтимал мүшелігін ілгері жылжыту жәйі сөз болды.

Америкалық тарап бірқатар елдерге қарсы экономикалық санкциялардың АҚШ-тың маңызды әріптесі – Қазақстан Республикасына қатысы жоқтығына сендірді. Сонымен қатар, санкциялардың Қазақстан экономикасына ықтимал экономикалық әсерін азайтуға бағытталған белсенді диалогты қолдау туралы нақты уағдаластыққа қол жеткізілді.

Қазақстанның ЭЫДҰ-ға ықтимал мүшелігін ілгері жылжыту және еліміздің Ұйымның бірқатар комитеттеріндегі мәртебесін көтеруді талқылау барысында америкалық тарап аталған бағытта жәрдем көрсетуге дайын екендігін білдірді.
ҚР ҰЭМ басшысының АҚШ Мемлекеттік департаментінің өкілдерімен кездесуі барысында АҚШ санкцияларының ықтимал әсері талқыланып, инфрақұрылым, ауыл шаруашылығы, азық-түлік өнімдерін қайта өңдеу мен өндіру саласындағы жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірілді. Екі ведомство тарапынан да бұл мәселелер бойынша тұрақты және белсенді пікір алмасуды қолдайтын жауапты тұлғалар белгіленді.

АҚШ Коммерциялық министрі У.Росспен кездесу барысында сауда-экономикалық өзара әрекеттестікке қатысты ауқымды мәселелер талқыланды.

АҚШ Коммерция министрі америкалық сауда миссиясының басқаруымен 24-25 қазандағы Астана және Алматы қалаларына өзінің алдағы сапары барысында екі елдің іскерлік тобының арасындағы нақты келісімшарттарға қол қойылып, екіжақты келісімдерге қол жеткізудің сәті түсетініне сенім білдірді. У. Росс сондай-ақ Қазақстандағы зияткерлік меншік құқығын нақты іске қосуға қатысты прогрессті оң бағалады.

Бұдан басқа, 2020 жылы Қазақстан Республикасында ДСҰ Министрлік конференциясын (ДСҰ басқармасының жоғарғы органы) өткізуді есепке алғанда, жаһандық сауда шарттарын жақсарту, халықаралық сауда жүйесі тетіктерін жетілдіру мәселелері бойынша сарапшылық деңгейде пікір алмасу және тұрақты диалог орнату туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

АҚШ Сауда өкілдігінің орынбасары Д. Геришпен кездесу барысындағы маңызды мәселенің бірі Қазақстанның АҚШ бас преференция жүйесіне қатысуы болды.

Әңгімелесу кезінде фармацевтика, ауыл шаруашылығы және инфрақұрылым саласындағы бірлескен жобаларды іске асырудың мүмкіндігі талқыланды.

Сондай-ақ, сенаторлар М. Крэйпомен (республикашы, банк комитетінің басшысы), К. Ван Холленмен және Р. Менендезбен (демократтар) қазіргі жағдай, Қазақстандағы жүргізіліп жатқан реформалар және АҚШ-пен ел аралық қарым-қатынастар туралы ақпарат алуға бағытталған кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар, Сенаттағы түрлі санкциялық заң жобаларын қарау кезінде Қазақстанның ұлттық экономикалық мүддесін, сондай-ақ Қазақстандағы америкалық инвесторлардың мүдделерін ескеру қажеттігі атап көрсетілді.

Сенаторлар да өз кезегінде, Қазақстанның аймақтағы басты әріптес ретіндегі маңыздылығын растап, Ресейге қарсы санкциялардың Қазақстанның экономикасына қатыссыздығын атап көрсетті. Сарапшылық деңгейдегі тұрақты диалогты жалғастыру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии