Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Гүлназ Жоланова күйеуге шыққанын жоққа шығарды

Бұдан бөлек, Гүлназ “Бизнес по-казахски в Африке” фильмінің түсірілімі жайлы айтып берді.

Фото : Stan.kz12 октября 2018, 15:51

Гүлназ Жоланованың бүгінде басы бос. Әйтсе де, актриса ұсыныс түссе, бас тартпауға бекінген. Кино саласының жұлдызын көпшілік актер Аян Өтепбергенмен қосады. Тіпті, актер мен актрисаны үйлендіріп қойғандар да бар. Әйткенмен Жоланова тұрмысқа шықпағанын айтты, деп хабарлайды Бұл туралы Stan.kz.

“Қоғамға бір пайдамды тигізейін деген арманым бар. Күйеуге армандамай-ақ шығармын. Бұйырған уақытта. Әзірге ешқандай ұсыныс жоқ. Әрине, уақытында шығу керек. Оны армандап, күнде ойлаудың қажеті жоқ сияқты. Бәрі өз сәтімен келетін кезең”, – дейді Жоланова.

Бұдан бөлек, Гүлназ “Бизнес по-казахски в Африке” фильмінің түсірілімі жайлы айтып берді.

“Мен продюсер, режюссер емеспін, тек қана актрисамын. Дегенмен түсірілімді көргендіктен, өзімнің болжамым бар. Сәтті болатын сияқты. Себебі қарама-қайшылық бар. Бұған дейін озық Америка еліне барып, өздерін көрсетіп келсе, бұл жолы өркениет жоқ елге барып келді. Контраст, қара адамдар. Әрі Нұрлан Африкада фильм түсіріп жатқан алғашқы қазақ”, – дейді Гүлназ.

Актриса алғаш рет фильмнен қанша пайда тапқанын жариялады. Ол небәрі 5 күнге созылған түсірілім күнінен 2 миллион теңгеге жуық гонорар алған екен.

“Түсірілім күнім аз болды. Дегенмен 3-4 жылқының құны шығады”, – дейді актриса.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии