Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қарашығанақтың ел экономикасын дамытудағы маңызы ерекше - Қанат Бозымбаев

Қарашығанақ жобасы акционерлерімен үш жылдан астам уақытқа созылған таласты мәселелерді реттеуге қол жеткізілді.

Фото : ҚазАқпарат12 октября 2018, 17:44

Қарашығанақ кенішінің ел экономикасын дамытудағы маңызы ерекше. Бұл туралы БҚО активімен кездескен ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауына байланысты алда тұрған мақсат-міндеттерге тоқталған Қ.Бозымбаев осы орайда министрліктің әкімдіктермен және өңірлердегі отын-энергетика кешені кәсіпорындарымен бірлесіп, әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға бағытталған шаралар қабылдайтынын жеткізді.

Мысалы, «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясының басшылығынан жалақысы төмен қызметкерлердің еңбекақысын көтерудің тиімді шараларын күтуге болады.

Аталмыш компания тарапынан Қарашығанақтың даму жылдарында Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік және инфрақұрылымдық дамуына 342 млн АҚШ доллары бөлінді. 14 денсаулық сақтау, 28 білім беру, ондаған инфрақұрылым, 12 мәдени-спорттық нысандар салынды. Жалпы, өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға жыл сайын 20 млн АҚШ доллары қарастырылады.

«Қарашығанақ жобасы акционерлерімен үш жылдан астам уақытқа созылған таласты мәселелерді реттеуге қол жеткізілді. Бұл реттеудің республика үшін жиынтық қаржылық құны 1,7 млрд АҚШ долларын құрайды, соның 1,3 млрд долларын мемлекет таяу жылдары алады», деді министр.

Оған қоса консорциум Қарашығанақтың болашақ дамуы үшін маңызды инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асыруды міндетіне алды. Алдын ала мәлімет бойынша инвестиция көлемі 5 млрд АҚШ долларын құрайды. Бұл ретте мұнай бағасы $80/баррель деп есептегенде, республика үшін жыл сайынғы табыс өсімі 2037 жылға дейін 23,5 млрд АҚШ долларындай болуы мүмкін.

Сонымен қатар жергілікті мұнай өңдеу зауыттары мен Батыс Қазақстанның газхимиялық кешенін дамыту үшін көмірсутегі шикізатын (мұнай мен газ) жеткізу мүмкіндігін қарау келісілді. Бұл отандық өнім өндірушілердің табысты дамуына және бәсекеге қабілетті болуына септеседі. «Қазбургаз» сияқты компаниялар қазірдің өзінде Теңіз кешенін кеңейту жобасына қатысуға мүмкіндік алды.

Биыл «ҚПО» қазақстандық компанияларға тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін 208,9 млн АҚШ долларын (барлық сатыпалудың 56 пайызы) төледі. Кадрдағы жергілікті үлес 2000 жылдан бері үш еседен астамға (1186-дан 3708 адамға дейін) артып, 91 пайызға жетті.

Қарашығанақты одан әрі игерудегі негізгі жобалардың бірі - газ қуаттарын жаңғырту, 4-компрессор және 5-кәсіпшілікішілік тұрба құбырын салу. Инвестиция көлемі 1 млрд астам АҚШ долларынан асатын бұларды 2020 жылға дейін жүзеге асыру көзделуде.

«Осылайша Қарашығанақ өңір дамуының драйвері болып қала бермек. Ол ел экономикасын дамытуға да сүбелі үлесін қосады. Бұл бастамалардың барлығы министрліктің тұрақты бақылауында болмақ», деді Қанат Бозымбаев.

Министр салаға қатысты өзге де маңызды мәселелерге тоқталып, Елбасы тапсырмаларын уақтылы орындаудың маңыздылығын атап көрсетті.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии