Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қазақстан мен Ресей туризм саласындағы ынтымақтастықты нығайтуды жоспарлап отыр

В.Путин Қазақстанның сауда-экономика саласындағы негізгі серіктестердің бірі екенін атап өтіп, екі жақты қарым-қатынастардың жоғары даму қарқынына назар аударды.

Фото : www.akorda.kz9 ноября 2018, 15:52

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездесті. Бұл туралы zakon.kz, Ақорданың баспасөз қызметі берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастықтың маңызды мәселелері мен туризм саласындағы қатынастарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының Президентімен жүздескенде Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы табысты өткенін айтты.

Қазақстан Президенті бүгінгі өңіраралық ынтымақтастық форумы тақырыбының өзектілігін атап өтіп, мәдени және экономикалық ықпалдастық аясында туризм саласындағы ынтымақтастықты өркендетудің маңыздылығына арнайы тоқталды.

В.Путин Қазақстанның сауда-экономика саласындағы негізгі серіктестердің бірі екенін атап өтіп, екі жақты қарым-қатынастардың жоғары даму қарқынына назар аударды.

Сонымен қатар, Ресей Федерациясының Президенті туризм саласындағы екі елдің ынтымақтастығын одан әрі нығайтудың әлеуеті зор екенін айтты.

Келіссөздер соңында мемлекеттер басшыларына «Байқоңыр» ғарыш кешенін дамытуға арналған жоба таныстырылды. Сонымен қатар, Президенттерге әлеуметтік нысандардың салыну барысы, инфрақұрылым желілерінің жөнделу нәтижелері және Байқоңыр қаласындағы тұрғын үй алаптарының газбен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии