Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Талдықорғанда көпбалалы ана «алтын алқаны» әкімдікке қайтарып берді

Себебі әкімдіктегілер кезекті қолмен түзеп, қалаған адамды бұл тізімнен алып тастайды дейді.

Фото : qazaly.kz19 ноября 2018, 12:54

Алтын алқадан бас тартамыз! Талдықорғанда 10-ға жуық көпбалалы ана президент берген награданы қала әкіміне табыстады. 15 жыл бойы үйге қол жеткізе алмай жүрген жұрт баспана кезегі алға жылжымай қойғанын айтады.

Себебі әкімдіктегілер кезекті қолмен түзеп, қалаған адамды бұл тізімнен алып тастайды дейді. Бұған шешеуніктер не дейді? Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды деп жазды sn.kz.

«Болдым мен! Шын, міне, өздеріңіз тағыңыздар мен алмаймын! Мен бас тартам, кері қайтарам деп жазам», – дейді алтын алқа иегері.

Алтын алқадан бас тартып, награданы Талдықорған әкіміне табыстап жатқан жалғыз Айнагүл Тоқпанбетова ғана емес. Баспанаға қолы жетпей жүрген 10-ға жуық көпбалалы ана президент берген награданы қала басшысына қайтарып беруді ұйғарған екен. Оған 15 жылдан бері алға жылжымаған кезек мәселесі себеп болған.

Құжаттағы кезек нөмірі қолмен түзетілгені көрініп тұр. Шағым айтқандардың сөзінше, мұны әкімдіктегі жауапты маманның бірі жасаған. Алайда, дәлел жеткіліксіз болған соң, құзырлы мекеме өкілдері әрекетсіз отыр, дейді.

Ашуға булыққандарға су беріп, сабырға шақыруға тырысқан әкімнің жүйкесі сыр берді ме, соңында, өзі де айғайға басты.

«Сізге сөйлеп тұрған жоқпын ғой. Мен мына кісіге сөйлеп тұрмын ғой. Қазір сізге де оқып берем, сіздің де фамилияны оқып беремін, тыңдасаңыздаршы!» – дейді Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев.

Ашуы тарқаған соң, қала басшысы аталған проблеманы өз бақылауына алатынын айтып сендірді. Алайда, мұндай уәдеге кезекті рет куә болдық деген «алтын алқа» иелері облыс әкімі Амандық Баталовқа да кірмек болды. Бірақ, бұл әрекетінен де нәтиже шықпады. Белгілі болғандай өңір басшысы кезекті іс сапарда екен.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии