Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Мемлекет басшысының атына Тәуелсіздік күніне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті

Америка Құрама Штаттарының Президенті жеке өзінің және барша Америка халқының атынан Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 27 жылдығымен құттықтады.

Фото : Акорда13 декабря 2018, 10:35

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шет мемлекеттердің басшыларынан құттықтау жеделхаттары мен хаттар келіп түсті. Бұл туралы zakon.kz, Ақорда берген ақпаратқа сілтеме жасап хабарлайды.

Америка Құрама Штаттарының Президенті жеке өзінің және барша Америка халқының атынан Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 27 жылдығымен құттықтады.

"АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін 1991 жылы алғаш рет мойындаған уақыттан бері елдеріміз үнемі екі жақты байланыстарды нығайту жолында жұмыс жүргізіп келеді. Сіздің биылғы қаңтардағы Вашингтонға сапарыңыз осы жылдар ішінде елдеріміз арасында қалыптасқан қарым-қатынастарымызды ілгерілетуге және нығайтуға тың серпін берді", – делінген жеделхатта.

Дональд Трамп Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылық етуімен Қазақстанның ядролық қаруды таратпау ісінің көшбасшысына және бейбіт өмірдің жақтаушысына айналғанын атап өткен.

"Мен берік ынтымақтастығымыз алдағы уақытта да жалғаса береді деп ойлаймын. Сізге және Қазақстан халқына келе жатқан Жаңа жылда табыс пен бақ-береке тілеймін!", – делінген АҚШ Президентінің құттықтау хатында.

Ұлыбритания Патшайымы ІІ Елизавета Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бақ-береке және табыс тіледі.

"Ұлттық мерекелеріңізге орай келе жатқан жылы Қазақстан халқына амандық пен бақыт тілей отырып, зор ілтипатымды жеткізгім келеді", – делінген жеделхатта.

Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд және Сауд Арабиясы Корольдігінің тақ мұрагері Мұхаммед бен Салман бен Әбдел Әзиз Әл Сауд барша Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдіріп, барлық саладағы екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізеді.

Рим Папасы Франциск Нұрсұлтан Назарбаевты Тәуелсіздік күнімен құттықтап, бүкіл Қазақстан халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тілеген жылы лебізін жолдаған.

Морокко Королі IV Мұхаммед өз жеделхатында Қазақстан мен Морокко арасындағы қарым-қатынастарға жоғары баға беріп, екі мемлекет халықтарының игілігі үшін ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жұмыстарды жалғастыруға ниетті екенін білдірді.

Сондай-ақ, Куба Республикасы Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің төрағасы Мигель Диас-Канель Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Тәуелсіздік қүнімен құттықтап, бақ-береке тілеген жеделхатын жолдады.

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өзінің хатында: "Қазақстан тәуелсіздік жылдарында мемлекеттілікті нығайту, халықтың әл-ауқатын және елдің халықаралық аренадағы беделін арттыру жолында зор жетістіктерге қол жеткізді. Түрікменстан мен Қазақстанның екі жақты қатынастары жоғары деңгейде екені қуантады. Бұл елдеріміз арасындағы табысты ынтымақтастық пен өзара тығыз байланыстың түрлі бағытта дамып келе жатқанын көрсетеді", – деп атап өткен.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии