Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Іле Алатауында аландарын ерткен қар барысы фототұзаққа түсіп қалды

"Іле Алатауы" ұлттық табиғи паркі РМК биолог-аңшылары қар барысының миграциялық жолын көру үшін 2018 жылдың қазаны мен желтоқсаны аралығында фототұзақ қойған болатын.

Фото : кадр видео13 декабря 2018, 11:07

Тұңғыш рет Іле Алатауында аландарын ерткен қар барысы фототұзаққа түсіп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Іле Алатауы" ұлттық табиғи паркі РМК биолог-аңшылары қар барысының миграциялық жолын көру үшін 2018 жылдың қазаны мен желтоқсаны аралығында фототұзақ қойған болатын. Фотоапппараттар таудың жоғарғы жағындағы шырша орманы арасында орнатылған еді. Жүргізілген жұмыс барысында Іле Алатауы ұлттық паркі аймағында тарихта тұңғыш рет бірегей видеоматериал түсірілді. Бейнекадрда 3 жануардың тау беткейін бойлай маңғаз басып кетіп бара жатқаны түсіп қалған. Ұлттық парк мамандарының бағамдауынша, камераның алдынан ұрғашы барыс 1,5 жасар күшіктерін ертіп өткен.

Айта кету керек, Алматы билігі осыған дейін жойылудың аз-ақ алдында тұрған қар барысына арналған зообақ ашатынын хабарлаған болатын. Ерекше күзетті талап ететін нысан адамдар бара бермейтін биік тауда салынады. Ондаған гектарды алып жатқан территорияда тау ешкілері, бұғылар мекендейтін болады. Бұл қар барыстарының қоректік базасы болмақ. Биыл зоолог ғалымдар мен Зоология институтының өкілдері ғылыми зерттеу жүргізіп жатыр.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии