Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Жамбылда табиғатты қорғауда жаңашылдық бар

Бірлескен жұмыс нәтижесінде биылғы 9 айда жүргізілген 479 рейдтік тексерулерінің қорытындысы бойынша 90 заң бұзушылық анықталған.

Фото : Жамбыл облысының әкімі баспасөз қызметі13 декабря 2018, 13:32

Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен өңірдегі аңшылық мәселелері бойынша брифинг болып өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Онда облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Айбар Әділбақов, "Мамандандырылған жануарлар дүниесін қорғау жедел қызметі" КММ-нің директоры Абай Кенжебек, Табиғатты қорғау кеңесінің төрағасы, "Мамандандырылған жануарлар дүниесін қорғау жедел қызметі" КММ-нің бөлім басшысы Ерназарбек Жантаев қатысып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Айта кету керек ағымдағы жылдың 13 маусымында өңір басшысы Асқар Мырзахметовтың бастамасымен жануарлар дүниесiн, табиғатын сақтау және көбейту туралы декларация қабылданған болатын. Аталған декларация қазіргі таңда облыстық жергілікті басқарушы органдар, облыстық сот, прокуратура, Ішкі істер департаменті және ұлттық қауіпсіздік органдары мен басқа да мемлекеттік мекемелер тараптарынан қолдау тауып, барлығы 1962 адам қол қойған.

Сондай-ақ облыс әкімінің қаулысымен "Ормандарды қорғау жедел қызметі" КММ-сі енді "Мамандандырылған жануарлар дүниесін қорғау жедел қызметі" КММ-сі деп өзгертіліп, "Табиғат қорғау кеңесі" ашылған болатын. Бүгінде бұл екі мекеме бірлесіп жұмыс атқаруда.

Бірлескен жұмыс нәтижесінде биылғы 9 айда жүргізілген 479 рейдтік тексерулерінің қорытындысы бойынша 90 заң бұзушылық анықталған.

Спикерлердің айтуынша, бүгінде өңірде заңсыз сексеуіл ағашын кесу фактісі бойынша 9 ай ішінде 14 оқиға тіркелген. Салдарынан, әкімшілік хаттамалар толтырылып, азаматтарға 2811,2 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, дәл осы ағаш кесу фактілері бойынша 14 азаматқа қылмыстық іс қозғауға ішкі істер бөліміне жолданды. Ол бойынша 8 азаматқа қылмыстық іс қозғалып, 4 азаматқа 1 жылдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сондай-ақ, "Мамандандырылған жануарлар дүниесін қорғау жедел қызметі" КММ соңғы қазан, қараша айларында 11 рейдтік жұмыстар жүргізді, соның негізінде 22 заң бұзушылық фактісі анықталды. Аталмыш заң бұзушылықтың біреуі заңсыз сексеуіл отынын тасымалдағаны үшін тіркелді десек, нәтижесінде 12 025,0 теңге айыппұл салынды. Аң-құстарды қорғау іс-шарасы бойынша 21 оқиға анықталып отыр. Құрықталған азаматтарға заң аясында әкімшілік хаттама толтырылып, 1 875 900 теңге айыппұл салынып, 1 010 100 теңгесі бүгінде өндірілген.

Спикерлер балық аулауға қарсы заң бұзушылықтың алдын алу да назарға алынғанын жеткізді. Бүгінде балық аулауға тыйым салынған өзендер, сонымен қатар бекітілмеген су айдындарында заңсыз балық аулағаны үшін соңғы екі айда 1 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, 12 025,0 теңге айыппұл салынып, өндіріліп алынды.

Еске сала кетейік, жауапты тұлғалар азаматтарды заңға бағынуды ескертіп отыр. Сондай-ақ аталмыш равейдтік жұмыстардың тәртібі қатал екендігін тілге тиек етті.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии