Біз К4 және К5 экологиялық класты отын туралы не білеміз?

Біз К4 және К5 экологиялық класты отын туралы не білеміз?

 

Кеден одағының аумағында «Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» (КО ТР 013/2011) Кеден одағының техникалық регламенті қолданысқа енді. Ол адам өмірі мен денсаулығын, мүлікті қорғауды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, тұтынушыларды оның мақсатына, қауіпсіздігіне және энергетикалық тиімділігіне қатысты жаңылыстыратын іс-әрекеттердің алдын алу мақсатында отынға қойылатын талаптарды белгілейді.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда К4 (Еуро-4) экологиялық класынан төмен бензин мен дизель отынын өндіруге және сатуға тыйым салынады және бүгінгі күні Қазақстанның барлық үш мұнай өңдеу зауыттары К4 (Еуро-4) және К5 (Еуро-5) класты отын шығарады. Кеден одағы елдерінде «Еуроға» ұқсас, өзінің «K» экологиялық стандарты әрекет етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанның барлық автожанармай құю станциялары К4 (Еуро-4) немесе К5 (Еуро-5) экологиялық класты отынды сатады.

К4 (Еуро-4) және К5 (Еуро-5) экологиялық класындағы отын арасындағы айырмашылық бар және ол қозғалтқыш жұмысы кезінде бөлінетін, жанған отын құрамындғы улы және көмірқышқыл газдардың құрамын арттыратын ауыр металдар мен қоспалардың, сондай-ақ азот окистерінің мөлшерінде. Бұл дегеніміз, К5 (Еуро-5) экологиялық класты отынның жану өнімдері қоршаған ортаға аз зиян келтіретінін білдіреді.

К4 экологиялық класты бензин (Еуро-4) құрамында 50 мг/кг күкірт, ал К5 (Еуро-5) - 10 мг/кг күкірт бар. Бұл ескірген К2 (Еуро-2) және К3 (Еуро-3) салыстырғанда 10-50 есе аз. Сондай-ақ, К4 (Еуро-4) және К5 (Еуро-5) отындарында бензолдың үлесі бес есе төмендетілді.

Бензин құрамындағы күкірт санының азаюы оның автокөлікке тигізетін кері әсерін төмендетеді. Отын жанған кезде қозғалтқыштың күштік агрегатын, катализаторлар мен шығару жүйелерін жейтін күкірт және күкірт қышқылдары пайда болады. Егер бензолға келсек, К4 (Еуро-4) және К5 (Еуро-5) экологиялық класты бензин қолданатын автокөліктерде атмосфераға шығаратын жанған пайданылған газдардағы уытты шығарындылардың мөлшері аз болады. Жану камераларында және қозғалтқыш клапандарында күйіктер де азаяды. Сонымен қатар, құрамында күкірт аз бензин, кез келген көлікке зиян келтірмейді. Бензиндегі күкірттің төменгі құрамының арқасында форсункалардың, магистральдардың, сондай-ақ оталдыру шамдарының қызмет ету мерзімі артады. Сондай-ақ, жану камераларында күйіктер де әлдеқайда аз пайда болады. К5 (Еуро-5) экологиялық класты бензин автокөліктердің лямбд-зондтарына, пайдаланылған газ шығару жүйелері мен катализаторлар үшін неғұрлым қолайлы. Осы түрдегі отынды пайдалану нәтижесінде автокөліктердің динамикалық сипаттамасы өседі, жылдамдық жоғарылайды, шығын төмендейді.

Октандық сан бензиннің детонацияға төзімділігін ғана анықтайды, оның тазалығын анықтамайды. Кейбір жүргізушілер экологиялық класты К5 (Еуро-5) бензинінің октандық санын білуге тырысады. Бірақ октандық сан қандай бензинді қолдануға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, жақсы тазартылған АИ-92 бензині К5 (Еуро-5) экологиялық класты бензинге жатқызылуы мүмкін. Оның октандық саны 92-ден төмен емес. Сонымен қатар, 95 октанды саны бар АИ-95 бензині әртүрлі қоспалардың болуына байланысты К4 (Евро-4) экологиялық класты бензинге жатқызылуы мүмкін.

Кеден одағының «Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» (КО ТР 013/2011) техникалық регламентіне сәйкес автомобиль бензинін белгілеу дефис арқылы белгілі бір ретпен орналасқан белгілердің мынадай топтарын қамтиды.

Бірінші топ: автомобиль бензинін білдіретін АИ әрптері.

Екінші топ: автомобиль бензинінің октандық санын сандық белгілеу (80, 92, 93, 95, 96, 98 және т.б.).

Үшінші топ: автомобиль бензинінің экологиялық класын білдіретін К4, К5 символдары.

Дизель отынын белгілеу сызықша арқылы белгілі бір ретпен орналасқан белгілердің мынадай топтарын қамтиды.

Бірінші топ: автомобиль дизель қозғалтқыштарына арналған дизель отынын білдіретін ДТ әріптері.

Екінші топ: қолдану климаттық жағдайларын білдіретін Л (жазғы), З (қысқы), А (арктикалық), Е (маусымаралық) әріптері.

Үшінші топ: дизель отынының экологиялық класын білдіретін К4, К5 символдары.

Марканың белгісі дайындаушының сауда маркасын (тауар белгісін) қамтуы мүмкін.

Автомобиль бензині мен дизель отынын сату кезінде сатушы тұтынушыға: отынның атауы мен маркасы және отынның КО техникалық регламентінің талаптарына сәйкестігі туралы ақпарат беруге міндетті.

Автомобиль бензині мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу кезінде отынның атауы, маркасы, оның ішінде экологиялық класы туралы ақпарат тұтынушылар үшін қолжетімді орындарда, отын-тарату жабдықтарында орналастырылуға, сондай-ақ кассалық чектерде көрсетілуге тиіс.

Тұтынушының талап етуі бойынша сатушы отынның сапасы туралы құжаттың (паспорттың) көшірмесін көрсетуге міндетті.

Толық ақпарат алу үшін, сондай-ақ жанар-жағар май стансалары тарапынан отын дұрыс толтырмай жіберу фактілері туралы, Сіз Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментіне хабарласа аласыз.

Біздің мекен-жайымыз: Алматы қаласы, Алтынсарин даңғылы, 83үй, 7 қабат. Байланыс телефондары: 8 (727) 303-88-52, 243-08-22. Электронды адрес Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru ескерту.

 

Алматы қаласы бойынша мемлекеттік бақылау жөніндегі мемлекеттік инспектор Қызғарин Құралбек Балтабекұлы

 

Что мы знаем о топливе экологического класса К4 и К5?

 

На территории Таможенного союза действует Технический регламент Таможенного Союза «О требованиях к автомобильному и авиационному бензину, дизельному и судовому топливу, топливу для реактивных двигателей и мазуту» (ТР ТС 013/2011), которое устанавливает требования к топливу в целях обеспечения защиты жизни и здоровья человека, имущества, охраны окружающей среды, предупреждения действий, вводящих в заблуждение потребителей относительно его назначения, безопасности и энергетической эффективности.

С 1 января 2018 года в Казахстане запрещено производство и реализация бензина и дизельного топлива ниже экологического класса К4 (Евро-4) и на сегодняшний день все три НПЗ Казахстана выпускают топливо класса К4 (Евро-4) и К5 (Евро-5). В странах Таможенного союза (ТС) действует свой экологический стандарт «K», идентичный «Евро».

На данный момент все автозаправочные станции Казахстана продают топливо экологического класса К4 (Евро-4) или К5 (Евро-5).

Разница между топливом экологического класса К4 (Евро-4) и К5 (Евро-5) есть и оно заключается в содержании в составе топлива тяжелых металлов и примесей, повышающих содержание угарного и углекислого газов, а также окисов азота в выхлопных газах при работе двигателя. Это значит, что продукты сгорания топливо экологического класса К5 (Евро-5) будут менее вредны окружающей среде.

Бензин экологического класса К4 (Евро-4) содержит 50 мг/кг серы, а К5 (Евро-5) - 10 мг/кг. Это в 10-50 раз меньше, чем в устаревшем К2 (Евро-2) и К3 (Евро-3). Также, в топливе К4 (Евро-4) и К5 (Евро-5) в пять раз снизили долю бензола.

Сокращение количества серы в составе бензина снижает её негативное воздействие на автомобиль. При сгорании топлива образуются серная и сернистая кислоты, которые разъедают силовой агрегат двигателя, катализаторы и выпускные системы. Что касается бензола, машины на бензине экологического класса К4 (Евро-4) и К5 (Евро-5) производят меньше токсичных выбросов с отработавшими газами в атмосферу. Уменьшается и нагарообразование в камерах сгорания и на клапанах двигателя. Более того, бензин с меньшим содержанием серы точно не пойдет во вред любому транспорту. Благодаря низкому содержанию серы в бензине срок службы форсунок, магистралей, а также свечей зажигания увеличивается. Также в камерах сгорания нагара образуется намного меньше. Бензин экологического класса К5 (Евро-5) более благоприятен для лямбда-зондов автомобилей, выхлопных систем и катализаторов. В результате использования топлива данного вида динамические характеристики машины возрастают, повышается скорость разгона, снижается расход. Октановое число определяет лишь стойкость бензина к детонации, но не его чистоту. Некоторые водители пытаются узнать, какое октановое число бензина экологического класса К5 (Евро-5). Оно может быть разным в зависимости от того, какой бензин используется. Например, хорошо очищенный бензин АИ-92 может относиться к бензину экологического класса К5 (Евро-5). Его октановое число не ниже 92. В то же время бензин АИ-95 с октановым числом 95 может относиться к бензину экологического класса К4 (Евро-4) из-за наличия разных примесей.

Согласно технического регламента Таможенного союза «О требованиях к автомобильному и авиационному бензину, дизельному и судовому топливу, топливу для реактивных двигателей и мазуту» (ТР ТС 013/2011) обозначение автомобильного бензина включает следующие группы знаков, расположенных в определенной последовательности через дефис.

Первая группа: буквы АИ, обозначающие автомобильный бензин.

Вторая группа: цифровое обозначение октанового числа автомобильного бензина (80, 92, 93, 95, 96, 98 и др.), определенного исследовательским методом.

Третья группа: символы К4, К5, обозначающие экологический класс автомобильного бензина.

Обозначение дизельного топлива включает следующие группы знаков, расположенных в определенной последовательности через дефис.

Первая группа: буквы ДТ, обозначающие дизельное топливо для автомобильных дизельных двигателей.

Вторая группа: буквы Л (летнее), З (зимнее), А (арктическое), Е (межсезонное), обозначающие климатические условия применения.

Третья группа: символы К4, К5, обозначающие экологический класс дизельного топлива.

Обозначение марки может включать торговую марку (товарный знак) изготовителя.

При реализации автомобильного бензина и дизельного топлива продавец обязан предоставить потребителю информацию о: наименовании и марке топлива и соответствии топлива требованиям Технического регламента ТС.

При розничной реализации автомобильного бензина и дизельного топлива информация о наименовании, марке топлива, в том числе об экологическом классе, должна быть размещена в местах, доступных для потребителей, на топливно-раздаточном оборудовании, а также отражена в кассовых чеках.

По требованию потребителя, продавец обязан предъявить копию документа о качестве (паспорт) топлива.

Для получения более подробной информации, а также о факте недолива топлива со стороны АЗС, Вы можете обратиться в Департамент Комитета технического регулирования и метрологии Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан по г.Алматы.

Наш адрес: г.Алматы, пр.Алтынсарина, 83, 7 этаж. Телефоны: 8 (727) 303-88-52, 243-10-32. Электронный адрес Е-mail: ktrm_almaty@mail.ru.

 

 

Государственный инспектор города Алматы

по государственному контролю Кызгарин Куралбек Балтабекович

 

Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
0
КОММЕНТАРИИ
Главная Топ LIVE Все
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления