Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Елімізде азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталды

​Тіркеу азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық деңгейін айқындау, мамандығы бойынша алған білім деңгейі мен дене дайындығы деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылып, өткізіледі.

Фото : liter.kz4 января 2019, 09:23

Елімізде азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу басталды, деп хабарлайды Елорда Инфо ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

​Тіркеу азаматтарды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық деңгейін айқындау, мамандығы бойынша алған білім деңгейі мен дене дайындығы деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылып, өткізіледі.

​«Әскери қызмет пен әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес шақыру учаскелеріне шақырылатын жылы 17 жасқа толатын ер жынысты ҚР азаматтары тіркелуі тиіс. Қазіргі уақытта жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша азаматтарды медициналық куәландырудан өткізетін медициналық комиссиялар құрылды. Қорғаныс істері жөніндегі басқармалар (бөлімдер) азаматтарды шақыру учаскелеріне шақыру үдерісінде емделуге (медициналық бақылауға) мұқтаж шақырылушыларды айқындайды және оларды емдеу-профилактикалық ұйымдарға, денсаулық жағдайы бойынша жарамдыларды әскери оқу орындарына түскісі келетіндерді Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында оқу үшін тіркейді.

Әскери есепке алғаш рет тұрған азаматтармен жергілікті әскери басқару органдарында Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына оқуға түсу және келісімшарт бойынша әскери қызметтің келешегі туралы үгіт-насихат жұмысы жүргізіледі.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии