Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Бақыт Сұлтанов Астанаға жаңа тұрғындарды қалай тарту керектігін айтты

Бақыт Сұлтановтың айтуына қарағанда, бүгінгі таңда қала экономикасының жартысынан көп бөлігі шағын және орта бизнес есебінен қалыптасып, 58,5% құрайды.

Фото : astana.gov.kz9 января 2019, 15:01

Қала активімен өткен кеңесте Астана әкімі Бақыт Сұлтанов 2018 жылғы жұмыс қорытындысын шығарып, осы жылдың жоспарларымен бөлісті, сондай-ақ, елордаға жаңа тұрғындар мен туристерді қалай тарту керектігін айтты, деп хабарлайды Елорда Инфо.

​«Мемлекет басшысы біздің алдымызға Астананы жаһандық қалаға айналдыру міндетін қойды. Елордамыз жасампаз адамдар, таланттар, жастар, сондай-ақ, туристер мен шетелдік инвесторлар бас қосатын негізгі орталыққа айналуы тиіс. Әрине, ол үшін біз қала құрылысына қатысты көп орталықтылыққа бағытталған заманауи урбанистикалық шешімдерді, жаңа тәсілдерді пайдалануымыз қажет», - деді Б.Сұлтанов.

Осы орайда елорданы жаһандық қала ретінде дамыту бірнеше негізгі бағыт бойынша жүргізіледі деп жоспарлануда.

«Біріншісі – адами даму. Қаланың басты капиталы – оның тұрғындары. Таланттарды тарту, олардың шаһардан кетуін болдырмау үшін қалалық ортаны барынша жағымды әрі ыңғайлы ету керек. Бірінші кезекте, бұл – қолжетімді баспана, қауіпсіз қоғамдық көлік, денсаулық сақтау мен білім беру салаларының жоғары сапасы, қоғамдық қауіпсіздік», - деп түсіндірді әкім.

«Екіншісі – қаланың креативті экономикасы. Мемлекет басшысы атап өткендей, Астананы тартымды туристік дестинацияға трансформациялау арқылы оны ақылды да мейірімді қалаға айналдыру жұмыстарына көп көңіл бөлінетін болады. Бұл қонақжайлылық атмосферасын қалыптастыру тұрғындар мен туристер үшін қалалық сервисті жақсарту да. Астана жаһандық сауда ағындарының хабына, ең ірі тұтыну нарығына және елдің негізгі көліктік-логистикалық торабына айналуы тиіс. Тиісінше бұл – қала қазынасына түсетін қосымша салықтар», - деп атап өтті Б.Сұлтанов.

Үшіншісі – қалалық жоспарлау. Бұл стратегиялық қалалық жоспарлаудың жаңа форматына көшуді білдіреді. Осы орайда қала әкімі Астананың 2035 жылға дейінгі дамуының Жоспарын әзірлеп жатыр.

Бақыт Сұлтановтың айтуына қарағанда, бүгінгі таңда қала экономикасының жартысынан көп бөлігі шағын және орта бизнес есебінен қалыптасып, 58,5% құрайды. Астана – аталмыш межені аттаған елдегі жалғызқала-өңір.

«Жалпылай алғанда 2018 жылы тартылған инвестиция көлемі 1 триллион теңгеден асады. Олардың құрылымында да оң өзгерістер байқалып отыр. Бұрын қаланың дамуына тартылатын инвестицияның көп бөлігі мемлекеттік бюджеттен алынса (2009 жылы шамамен 53%), қазір бюджеттен инвестицияның үлесі едәуір қысқарып отыр. Осылайша бүгін қаланың инвестицияларының 90% жеке бизнес қалыптастырса, шағын кәсіпкерлер елорданың басты инвесторы болып табылады», - деп қосты әкім.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии