Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Түркістан облысында магниттік тартылыс күші бар қария тұрады

Жас кезінде 10-15 метр жердегі адамды бойындағы биомагнит арқылы құлата алатындай дәрежеде болған екен.

Фото : ernur.kz10 января 2019, 17:11

Түркістан облысы Мақтаарал ауданына қарасты Атакент кентінде бойында ерекше қасиеті бар жан тұрады. Бүгінде 72 жасқа қадам басқан Қилыбай Монанұлы Ирсаевтың денесіне кез-келген металл бұйымдар, соның ішінде қасық, шанышқы, пышақ, тіпті, үтік те еш қиындықсыз жабысаы.д Ұстаздық пен емшілік қасиетті қатар алып жүрген бұл азамат жеті мыңға тарта адамды дертінен айықтырып, жазыпты. Бұл туралы ERNUR.KZ тілшісімен кездесуінде айтып берді.

72 жасқа таяған Қилыбай Монанұлы Ирсаевтың іздену үрдісінде жеткен табыстары да жетерлік. Қазақстан Республикасы «Білім беру ісінің құрметті қызметкері», жоғары категориялы парапсихолог-емші, Халықаралық психология Академиясының академигі.

Қилекең құдіреті күшті Алла бойына емшілік кие дарытқан ерекше қабілетке ие жан. Әкесі Монан көріпкелдігіне сай емшілігі мен тәуіпшілдігі бар жан болыпты. Оның түп нағашылары да өз тұстарында елге белгілі кие қонған жандар болған екен. 1985-жылы Монан ақсақал дүниеден өткен соң қатты ауырған Қилыбай Ирсаев аяғы жеткен жердегі дәрігерлерге көрініп, дертіне шипа таба алмапты. Сөйтіп жүріп Арнасайдағы Иманқұл молдаға барып, дем салдырып, молдашылық ем қабылдайды. Молданың емі қонып, науқасынан айыққан Қилыбай қажының бойындағы ерекше қасиетті байқаған Иманқұл молда батасын береді. Міне, сол сәттен бастап өзінің бойындағы ерекше қасиетін пайдаланып Қилекеңнің өзі де ақырындап адам емдеумен, дем салумен айналыса бастайды.

Адамдарды емдеуден бөлек жетпістен асқан ақсақалдың елден ерекше тағы бір қасиеті – денесіне кез-келген металл бұйымдар, соның ішінде қасық, шанышқы, пышақ, тіпті, үтік те еш қиындықсыз жабысады. Жас кезінде 10-15 метр жердегі адамды бойындағы биомагнит арқылы құлата алатындай дәрежеде болған екен.

Сонау 1985-жылдан бастап тәуіпшілдік пен емшілік қонған адам күні бүгінге дейін жеті мыңға тарта сырқатты емдепті. Әрине, жоғары білімді ұстаз бойындағы жаратушы қондырған ерекше емшілік қасиетін онан әрмен көзін ашып, жетілдіре беру мақсатында 1991 жылы Мәскеуге барып, екі ай білімдар пара-психологтардан дәріс алып, олардың тәжірибелерін кеңінен пайдалана отырып, жоғары категориялы пара-психолог емші атанып келіпті. Кейінірек Санк-Петербургтегі халықаралық психологиялық ғалымдар Академиясының академигі атанады.

Халыққа қызмет етуді Алла алдындағы басты борышым деп сезінген Қилыбай Ирсаев 1994-жылы Меккеге барып «Акбар қажы» атанып келеді. Ал 2007 жылы бүкіл мұсылман қауымына қажетті дерлік «Ұрпаққа өсиет» деген діни тағылымдық кітабын жазады.

Ұстаздық пен шығармашылықты қатар алып жүрген білікті де білімді ұстаз бірнеше кітаптарды жазып, баспадан бастырып шығарады. Ал, 2015-жылы емшінің адами қасиеттерге тәрбиелеп, әдептілікті дәріптейтін, мол ғибрат беретін «Ғибратнама» атты еңбегі мемлекеттік тапсырыспен жарыққа шыққан.

Қазіргі таңда Қилыбай Монанұлы үлкен шаңырақ иесі, аяулы жары – елдің келіні Қыздығой екеуі ұрпақ өсіріп, немере сүйіп отырған асыл азамат, ата. Ұлдары ұяда, қыздары қияда. Өзінің саналы ғұмырында заман ағымын, талабын түсінген көрегенді, білімді азамат ретінде толықтай дәлелдей алған жанның ұлдарын да нарық заманына лайықты тәрбиеледі. Бақберген, Нұрлан, Сапар есімді ұлдары кәсіпкерлікті меңгерген, отбасылық бизнестерін жақсы жолға қойып 15 шақты отбасын тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде ұл-қыздарынан 17 немере, 2 шөбере сүйіп отырған Қилыбай Ирсаев жаны таза жан әрі халық мойындаған емші.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии