Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Елімізде 1 қаңтардан бастап бірыңғай жиынтық төлем жүйесі енгізілді

Бұл төлемдерді әр азамат екінші деңгейдегі банктерге барып, бір түбіртек арқылы төлем жасай алады.

Фото : kurkino.ru10 января 2019, 17:41

Елімізде 1 қаңтардан бастап бірыңғай жиынтық төлем жүйесі енгізілді, деп хабарлайды zakon.kz, "Хабар 24" арнасы берген ақпаратқа сілтеме жасап.

Оның тиімді тұстары көп. Аталған төлемнің негізгі мақсаты – өзін өзі жұмыспен қамтып жүрген азаматтарды, яғни "көлеңкеде жүрген жұмысшыларды" заңдастыру. Олар бір төлеммен төрт бірдей жарнаны жасай алады. Соның ішінде медициналық сақтандыру жарнасы, зейнетақы қорына түсетін төлем, жеке табыс салығы мен әлеуметтік сақтандыру жарнасы бар. Бірыңғай жиынтық төлемі ең бірінші жеке тұлғаларға қызмет көрсететін басқа жеке тұлғаларға, қосалқы шаруашылыққа, үй жұмыскерлеріне, сауда нысандарында арнайы орындары жоқ жеке тұлғаларға бағытталып отыр. "Аймақта осындай 9 мыңдай тұрғын бар", - дейді мамандар.

Тимур Төлепов, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы: - Бұл төлемдерді әр азамат екінші деңгейдегі банктерге барып, бір түбіртек арқылы төлем жасай алады. Егер де төлемдерге бөлетін болсақ, жеке табыс салығы 10%, 20% ол әлеуметтік аударым, 30% зейнетақы жарналары, 40% міндетті медициналық сақтандыру қорына аударылады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии