Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Павлодарда тұрғын үйден шыққан өрт бір адамның өмірін жалмады

Төтенше жағдай орнынан тағы 30 адам құтқарылған.

Фото : ашық дереккөздерден14 января 2019, 12:56

Облыс орталығында демалыс күндері тіркелген өрт салдарынан зардап шеккен екі адамның біреуі көз жұмды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.

- 12 қаңтар күні, сағат 17.05-те "Мелиоратор" бағбаншылығында Конечная көшесі, 23 мекенжайы бойынша үш бөлмелі ағаш үйдің қабырғалары мен жиһаздар, 60 шаршы метр аумақта металл төбе өртенді, - дейді облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінде. - № 34 өрт сөндіру бөлімінен газ-түтіннен қорғау қызметі жұмыс істеді. Үйдің иесі 1951 жылғы ер адам. 1948 жылғы әйелінің арқасы мен сол жақ қолын бірінші және екінші деңгейде алты пайыз күйік шалған.

Ведомство мамандарының айтуынша, зейнеткерге медициналық көмек көрсетілген, алайда әйел адам ауруханаға барудан бас тартқан. Жеке құрамнан жұмылдырылған 12 адам мен үш техника өртті 20.03-те толық сөндірген. Апаттың орын алу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Бұдан басқа, дәл сол күні сағат 21.22-де кезекшілік бөліміне Ворушин көшесі, 4/4 мекенжайы бойынша «Натали» дәмханасынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. 40 шаршы метрде жиһаздар, төбенің жылытқышы, қазандық жанған. Оқиға орнынан сыйымдылығы 50 литрлік төрт газ баллоны сыртқа шығарылды. Жеке құрамнан шыққан 12 адам мен төрт техника тілсіз жауды сағат 22.52-де сөндірді.

Кеше, 13 қаңтар күні сағат 22.17-де Катаев көшесі, 25 мекенжайы бойынша бірінші қабаттағы бір бөлмелі пәтерде төрт шаршы метр аумақта жиһаздар мен заттар жанған. Өрт сөндірушілер кіреберістен 61 жастағы пәтер иесінің күйіп кеткен денесін анықтады. Газ-түтіннен қорғау қызметінің екі бөлімімен өрт сағат 22.52-де сөндірілді.

Сондай-ақ, көрші орналасқан пәтерде таратушы қорабында жанған электр сымдарын пәтер иесі өздігінен ауыздықтаған. Құтқарушылардың көмегімен 30 адам эвакуацияланды. Оның жетеуі – бала.

Алдын ала болжам бойынша, өрттің шығуына электр құралдарын қолдану барысында қауіпсіздік ережелерін дұрыс сақтамау себеп болған. Оқиға орнына жеке құрамнан 15 адам мен төрт техника шықты.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии