Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Роза Әлқожа өзінің Қожа руынан шыққанын, емшіге барып тұратынын айтты

Әншілер арасында тіл-көзге сенбейтіндері де бар болып шықты.

Фото : stan.kz14 января 2019, 14:29

Әнші Роза Әлқожа тіл-көздің барына сенеді. Сондықтан да ол ара-тұра емшіге барып, дем салдырып, оқытылып тұрады. Бұл туралы өнер иесі “Астана” арнасының “Ел аузында” бағдарламасында жасырмай айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz.

“Сенемін, Құранда тіл-көз, дуа бар деп жазылған. Жасалды, болды. Қазақпыз ғой, емшіге барамыз. Оның үстіне Қожаның қызы болғаннан кейін анам кішкентай кезімнен дем салып, өзі оқып береді. Халықтық медицина деп айтамыз, мен барып тұрамын, онсыз болмайды”, – деп ағынан жарылды әнші.

Әншілер арасында тіл-көзге сенбейтіндері де бар болып шықты. Мәселен, Гүлнұр Оразымбетова сахнаға шыққаннан кейін талай мәрте ауырып қалса да, емшінің алдына барып көрмепті.

“Негізі ондай нәрсеге көп көңіл бөлмеймін. Үлкен концерттерден кейін, тойлардан кейін ауырып қалатын кездер болады. Сол кезде жақындарым: – Көйлектің ішінен бір түйреуіш қыстырып алмайсың ба, – деп ұрсады. Менің үстімде, мойнымда ондай ештеңе жоқ. Мән бермейді екем, шынымды айтсам”, – дейді Оразымбетова.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии