Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

"Астана" футбол клубын бұдан былай англиялық маман басқармақ

Әрі жетекшілік, әрі бапкерлік шеберлікті жетік меңгерген маман астаналық теңбіл допшыларды да өрге сүйремек.

Фото : ашық дереккөздерден14 января 2019, 16:18

"Астана" ПКСК бас менеджері Асқар Баталов бүгін футбол клубының ұжымына жаңа атқарушы директорды таныстырды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Бұл лауазымға 49 жастағы ағылшын маманы Пол Эшуорт тағайындалды. Пол ұзақ жылдар бойы өз елінде "Норвич Сити", "Кембридж Юнайтед", "Питерборо Юнайтед"сияқты клубтарда жұмыс істеген. Кейін Латвияның "Венспилс", "Рига" және "Сконто" клубтарында 10 жыл тәжірибе жинақтады. Бұдан тыс, "Ростов" футбол клубының (Ресей) спорт директоры, бас бапкер міндетін атқарды, кейіннен Нигерияның "Квара" және "Онду Стейт" клубтарында техникалық директор болды.

Осылайша, Пол Эшуорт әрі бапкерлік, әрі жетекшілік шеберліктерін меңгерді. Бас менеджер, спорт директоры, техникалық директор бола жүріп, кәсіби футболшылар командаларымен де, жастармен де жақсы жұмыс істеді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, еңбек келісімшартының аяқталуына байланысты "Астана" футбол клубының президенті Саян Хамитжанов пен атқарушы директоры Қайсар Бекенов клубтан кеткен болатын.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии