Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Жаңаөзенде шұжықтан тірі құрт шықты

Жаңаөзендік тұрғын баласына берген шұжықтың ішінен ұзындығы 2-3 см болатын тірі құрттың жыбырлап жүргенін аңғарып қалған.

Фото : www.inform.kz17 января 2019, 10:47

Жаңаөзен қаласының тұрғыны дүкеннен сатып алған шұжығынан тірі құрт алды. Ол оны видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратып жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған «шұжықтан тірі құрт шықты» деген видео жұртшылықтың жиіркенішін туғызған болатын. Жаңаөзендік тұрғын баласына берген шұжықтың ішінен ұзындығы 2-3 см болатын тірі құрттың жыбырлап жүргенін аңғарып қалған.

Ол видеода шұжықтың «Особая» деп аталатынын айтып, абай болуға кеңес береді.

Тіпті, қаптамада «xалал» деп жазылып тұрғанын айтып, таңданған. Дегенмен, дін өкілдері: «Халал Даму» ЖШС ҚМДБ-ның рұқсатымен мекемелер мен кәсіпорындарға арнайы сараптама жүргізіп, сертификат береді.

Діни басқарманың арнайы логотипі тұрғанына көз жеткізіп, соған баса назар аударған дұрыс» деп отыр.

Ал, Жаңаөзен қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандары «тұрғындардан арыз-шағым түспесе, қай сауда нүктесі екенін анықтау қиын» дейді. Әйтсе де, видеоны әлеуметтік желіге жүктеген нөмір иесін ПБ арқылы анықтап,сауда нүктесін білуге әрекеттеніп жатқандарын жеткізді.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии