Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Таразда пәтер ұрылары ұсталды

Жапа шегушілерге жалпы сомасы 3 млн теңгеден астам шығын келтірілген.

Фото : irksib.ru18 января 2019, 13:25

Кеше, 17-қаңтар күні Тараз қалалық Полиция басқармасының криминалды полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру шараларының барысында пәтер ұрлығымен айналысқан үш адамнан құралған қылмыстық топты дәл қылмыс үстінде құрықтады. Бұл туралы zakon.kz Жамбыл обылсы Полиция басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қаскөйлер облыс орталығындағы пәтерелерге кілттерді таңдау арқылы кіріп, үптеп кетіп отырған.

Қолға түскендер Тараздың 22 мен 30 жас аралығындағы тұрғындары болып шықты. Оның екеуі бұрын сотты болған екен.

"ВАЗ 2109" автокөлігін тінту барысында қара түсті қолғап, жезбезекті кілт және қылмыстық топтың 14-17 қаңтар күндері аралығында жасалған бірнеше ұрлыққа қатысының барлығын дәлелдейтін зайттай айғақтар табылды. Оның ішінде: сағат, банк карталары, күміс бұйымдар, “Sony XP” маркалы теледидар мен “Apple” ноутбугі бар.

Ұсталғандардың төрт ұрлыққа қатыстарының барлығы дәлелденді. Қылмыскерлер келтірген шығынның жалпы сомасы үш млн теңгеден асып түскен. ҚР ҚК 188-бабының 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Сонымен қатар, Тараз қалалық ПБ КПБ қызметкерлері қылмыскерлер тізгіндеген автокөліктің нөмірі жалған екенін анықтаған. Күдіктілер қалалылық Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Қазіргі таңда қаскөйлердің қылмысты жасау жолдары мен уақыты осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстарының барлығы тексерілуде. Және олардың сыбайластарының бар болуы мүмкін екендігі мен зайттай айғақтарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии