Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Алматы облысында орын алған ірі ЖКО-нан зардап шеккендердің саны артты

Полиция өкілдері жан түршігерлік жол апатына қатысты жаңа мәлімде жасады.

Фото : zakon.kz22 января 2019, 14:56

Алматы облысында жапай орын алған ЖКО-ның нәтижесінде зардап шеккен адамдар саны алдыңғы хабарланғаннанда көп болып шықты. Бұл туралы Zakon.kz аймақтық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомстваның хабаралауынша, үш автокөлік қатысқан жол апатының салдарынан 45 жастағы әйел адам қаза тауып, тағы екі бала мен бір ересек адам жапа шеккен.

"ЖКО "Көкпек-Кіші Байсерке" автожолының 31-шақырымында орын алып, онда Daewoo Nexia, Toyota Camry және "ГАЗель"автокөліктері қақтығысқан. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-тармағына сәйкес сот алды тергеу басталды. Жұмыс барысында ЖКО-ның себептері анықталатын болады. Алдын ала болжам бойынша, жол апатына тұман мен жол бетіндегі көктайғақ себеп болған. Зардап шеккендердің барлығы жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді", - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметі.

Алматы облысындағы тас жолда жаппай орын алған ЖКО-на қатысты алғашқы мәліметке сәйкес, апат нәтижесінде бір адам жапа шегіп, бір адам оқиға орнында қаза тапқан болатын.

"ГАЗель" автокөлігін басқарған жүргізушінің айтуынша, оның алдында кетіп бара жатқан көлік тайып, жол ортасында сырғанай бастапты. Жүк көлігінің жүргізушісі тежегішке басқанымен, жүк тиелген көлік сырғып, артынша жол ортасында айналып кеткен. Ауыр салмақты көлік тізгіннен кетіп, көлденеңнен тұрып қалған. Ер адам "апаттық жағдай" белгісін қоймақшы болған сәтте оның көлігіне Toyota Camry автокөлігі соқтығысады. Арадан тағы жарты сағаттай уақыт өткен соң "ГАЗельге" аса жоғары жылдамдықта Daewoo Nexia автокөлігі кіріп кеткен. Соққының қатты болғаны сонша, Daewoo күл-талқан болады, ал жүк көлігін болса кері айналдырып жіберген.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии