Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Жамбыл облысында кәсіпкерден пара алған ауыл әкімі ұсталды

Әкім жергілікті кәсіпкерден 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

Фото : azh.kz22 января 2019, 17:15

Жамбыл облысы Шу ауданында Қонаев ауылының әкімі мен аудан әкімдігінің қызметкеріне қатысты тергеу аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әкім жергілікті кәсіпкерден 200 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілінді.

"Қонаев ауылының әкімі Шу ауданы әкімдігінің қызметкері арқылы сот шешімімен қызметін тоқтатқан тұрмыстық қатты қалдықтар полигонын пайдаланғанда шаралар қабылдамауы үшін және жалпы қамқорлығы үшін жеке кәсіпкерден 200 мың теңге пара алды деп күдіктелді", - деді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова Астанада өткен брифингте.

Күдіктілер өз кінәсін толық мойындады және қылмыстық іс жеделдетілген тәртіпте қаралуда.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии