Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Әли Балоев Әлімханұлы жайлы: Жекпе-жектің ерекше түрін көрсетті

Қазақстандық панчер отандасының мерзімінен бұрын жеткен жеңісі жайлы айтты.

Фото : Prosports.kz5 февраля 2019, 10:09

Қазақстандық кәсіби былғары қолғап шебері Әли Балоев отандасы Жәнібек Әлімханұлының АҚШ-та мерзімінен бұрын жеткен жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орта салмақтағы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) өзінің АҚШ-ғы үшініші және кәсіби мансабындағы бесінші жекпе-жегін өткізді. Отандасымыз өз басымдығын көрсетіп, талассыз жеңіске жетті. Төрешілер жекпе-жекті бесінші раундта мерзімінен бұрын тоқтатты.

Қазақстандық кәсіби бокс шебері Әли Балоев Жәнібекке әуесқой бокста жинаған тәжірибесі үлкен көмек болды деп санайды.

"Жәнібек өте тамаша жекпе-жек көрсетті. Дайындықтың өзгергені көрініп тұр, АҚШ-ғы жұмыс тәжірибесі нәтиже берді. Менің жеке өзіме оның америкалық Стивен Мартинеспен өткізген жекпе-жегі қатты ұнады. Қарсыластың кәсіби алаңда 22 жекпе-жек өткізіп, оның тек төртеуінде ғана жеңілгеніне қарамастан Әлімханұлы өзінің үстемдігін танытты және жекпе-жекті өте қызықты өткізді. Жәнібектің расыменде тәжірибесі мол. Ол әуесқой спортта көп жеңіске жетті, онда да оған мықты қарсыластар кездесті. Соның барлығы қазіргі таңда оның кәсиби мансабында таптырмас көмек. Отандасымды лайықты жеңісімен құттықтаймын", - деді Әли Балоев.

Әли Балоев - крузервейтте шығып жүрген белгілі нокаутер. Ол өзінің тек бір жекпе-жегін ғана толық өткізген.

Жәнібек Әлімханұлы өзінің жеңісінен кейін белгілі Boxrec.com сайтының рейтингінде көрсеткішін жақсартты.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии