Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Маңғыстау облысында Шрек лақап атты сотталған азамат ұсталды

Түзеу мекемесіне қайтып келмегені үшін енді оған екі жылға бостандығынан айыру жазасы кесілуі мүмкін.

Фото : Inaktau.kz11 февраля 2019, 10:14

Ақтауда тонаумен айналысқан 29 жастағы сотталған азамат ұсталды. Ол жазасын қауіпсіздігі төменгі деңгейлі мекемеде (ГМ-172/8, қоныс аудару колониясы) өтеп жатқан жерінен қашып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотталған М. Бердиев қоныс аудару колониясының аумағынан тыс жерде орналасқан "Еңбек-Ақтау" РМК-на жұмысқа орналастырылғаны белгілі. 4-ақпан күні ол жұмыс орнын тастап, аумақтан тыс жерде бақылаусыз жүріп-тұру мүмкіндігін пайдаланып, қауіпсіздігі төменгі деңгейлі мекемеге оралмаған.

10-ақпан күні кешке ГМ-172/8 мекемесенің қызметкерлері Ұлттық ұлан гвардисының әскери қызметкерлерімен және Маңғыстау облыстық ПД бірлесіп, Бердиевті қаладағы шағын аудандардың бірінен ұстады.

Қазіргі таңда сотталған азаматқа қатысты ҚР ҚК 427 бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Түзеу мекемесіне оралмағаны үшін енді ол екі жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии