Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Көліктерге сатып алынған "әдемі" нөмірлер бюджет қорын 14 млн теңгеге толықтырды

2018 жылы республика бойынша 15 мыңнан астам VIP нөмір сатып алуға 4 млрд теңге жұмсалған.

Фото : Zakon.kz11 февраля 2019, 12:28

Көлікке "әдемі" нөмір сатып алған Алматы облысының тұрғындары бюджетті 14 млн теңгеге толықтырды деп хабарлайды, Zakon.kz.

VIP нөмірлерді сату 2014 жылдың қазан айынан бастап қолданысқа енгізілді. "Жол жүрісі туралы" ҚР Заңының 66-бабына сәйкес темір тұлпар иелеріне уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісінің цифрлық және әріптік белгіленуін таңдауға құқық берілген.

Алматы облысы Полиция департаментінің ақпаратына сәйкес Алматы облысының көлік иелері 2019 жылдың басынан 42 "сәнді" нөмірге тапсырыс беріп, мемлекет пайдасына 13 678 324 теңге төлем жасаған.

Еліміздің азаматтары 2018 жылы республика бойынша 15 мыңнан астам VIP нөмір сатып алуға 4 млрд теңге жұмсаса, Алматы облысының тұрғындары былтыр сандық сериясы VIP нөмірге жататын "550" автокөлік нөмірін сатып алып, мемлекеттік бюджетке жалпы сомасы 168 434 175 теңге пайда әкелген.

Өңірдегі тәртіп сақшыларының ақпаратына сәйкес, VIP нөмірлерге деген сұраныс артып келеді. Әсіресе темір тұлпар иелерінің арасында "555", "777", "005" және "007" сандарынан құралған қымбат нөмірлер кеңінен танымал.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии