Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Бұрын соттар қарайтын азаматтық істердің бір бөлігі нотариустарға берілді

Бұл шара сот арқылы шешілуіне даулы негіздер жоқ болғандықтан, сот әуре-сарсаңын болдырмайды.

Фото : atameken.kz11 февраля 2019, 13:25

Бұрын соттар қарайтын азаматтық істердің бір бөлігі нотариустарға берілді, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі басқармасына сілтеме жасап.

Меншік құқығын қорғау жөніндегі заң азаматтық-құқықтық даулардың кейбір түрлерін енді нотариустар қарастыратынын көздейді.

"Бұл берешекті өндіріп алу бойынша даусыз талаптар. Мысалы, еңбек ақысын өндіріп алу туралы, коммуналдық қызметтер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы және нотариалды куәландырылған мәмілеге негізделген міндеттемелер бойынша берешектерді өндіріп алу туралы талаптар және басқалар",- делінген хабарламада.

Бұл шара сот арқылы шешілуіне даулы негіздер жоқ болғандықтан, сот әуре-сарсаңын болдырмайды.

Сонымен қатар, балаларды асырауға алимент өндіріп алу, медиативтік келісімдерді орындау туралы және басқа да даусыз құжаттардан туындайтын азаматтық істердің 10 санаты сотта жеңілдетілген іс жүргізу нысанында қаралатын болады, онда қарау және шешім шығару мерзімі үш күнмен шектеледі.

Тиісті түзетулер Азаматтық процестік кодекске және "Нотариат туралы" Заңына меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша заң шеңберінде енгізілді.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии