Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Халық санағы 2020 жылға қалдырылуы мүмкін

Ұлттық санаққа бюджеттен 8,8 миллиард теңге бөлінді.

Фото : ru.sputniknews.kz11 февраля 2019, 14:43

Қазақстанда 2019 жылға жоспарланған халық санағы 2020 жылға шегерілді, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Үкіметтің 2010 жылғы ұлттық санақ жүргізу ережесі мен мерзімі туралы қаулысы бойынша республика азаматтарын санау әр он жылда жүргізілуі тиіс. Соңғы халық санағы 2009 жылы өткізілген еді. Кезекті халық санағына дайындық 2017 жылы басталып кетті. Өткен жылдың қыркүйегінде ұлттық экономика министрі Тисмур Сүлейменов 2019 жылғы санақ электронды форматта екі кезеңде өткізілетінін мәлімдеген болатын. Ұлттық санаққа бюджеттен 8,8 миллиард теңге бөлінді.

Халықаралық әдістемеге сәйкес, халық санағын күз-қыс маусымында жүргізген оңтайлы болып табылады, делінген Sputnik Қазақстанның сауалына ұлттық экономика министрлігінің статистика комитетінің берген ресми жауабында.

"Бұл ретте халық санағы үшін ақпан-наурыз оңтайлы уақыт болып отыр. Ұлттық санаққа дайындалу мен жүргізумен байланысты бірқатар ұйымдастырушылық және нұсқамалық жағдайларды ескере келе, Қазақстан халқының санағын 2020 жылдың басында өткізу шешімі қабылданды", — деп хабарлады статистика комитеті.

2020 жылы халық санағын жүргізу туралы үкімет қаулысының жобасы қазір мемлекеттік органдар және әкімдіктермен келісіліп жатыр. Қаулы жобасы қабылданған жағдайда халық санағы 2020 жылы 5 ақпан мен 5 наурыз аралығында өткізіледі.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии