Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

ІІМ оралманға жеке куәліктің қателесіп берілгені туралы мәліметті растаған жоқ

Ведомство Салтанат Сайфулла есімді Моңғолияның тумасына қатысты жайтты түсіндірді.

Фото : Zakon.kz12 февраля 2019, 11:57

Моңғолия тұрғынына Қазақстан азаматының құжаттары қателесіп берілгені туралы ақпарат расталмады, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ сілтеме жасап.

"Моңғолия тұрғыны Салтанат Сайфулла Қазақстан Республикасы азаматтығына 2016 жылдың қарашасында қабылданды, сонымен бірге Қазақстан азаматтығы құжаттарын алу үшін екі жылдан кейін барып (2018 жылы) жүгінген. Бұдан бұрын, 2001 жылы Салтанат Сайфулла анасымен бірге Қазақстан Республикасының азаматы болып танылған еді. Алайда, Қазақстан Республикасы азаматығының құжаттарын алу үшін белгіленген тәртіп бойынша ішкі істер органдарына жүгінген жоқ және 2006 жылы Моңғолияға кеткен болатын", - деп түсіндірді ҚР ІІМ.

2008 жылы ол Моңғолияның ұлттық төлқұжаты бойынша (2007 жылы алынған) Моңғолиядан Қазақстанға қайта оралды және 2008 жылдан 2015 жылдар аралығында шетелдік ретінде Қазақстан Республикасының ықтияр хатымен екі рет құжаттандырылды.

Азаматтыққа қабылдау туралы анықтамасы негізінде Салтанат Сайфуллаға Қазақстан Республикасының жеке куәлігі 2018 жылдың қараша айында берілді. Оның сауалнамасы, өтініші және Моңғолияда берілген ұлттық төлқұжаты, туу туралы куәліктің нотариалды түрде расталған аудармалары бойынша негізгі мәліметтері "Салтанат Сайфулла" болып енгізілді.

"Өтініш берушінің "Салтанат" болып жазылатын тегін "Салтанатұлы" деп өзгерту "Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы" ҚР Президентінің Жарлығында қарастырлған тәртіпке сай, қайта ресімдеуге жатпайды. Өйткені, дәл мұндай жағдайда тегінің жазылуын өзгерту азаматтық хал-актілері жазбасына өзгеріс енгізуді талап етеді", - деді ведомство өкілдері.

Осыған байланысты көші-қон қызметі қызметкерлерінің іс-әрекеті заңды, өтініш берушіге қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктеме берілген.

Осылайша, туу туралы жаңа куәлік алу үшін С. Салтанатқа тұрғылықты жері бойынша құзыретті органға - азаматтық хал-актісін тіркеу бөліміне (әкімдік) жүгіну қажет. Жаңа туу туралы куәлікті алғаннан кейін ғана бекітілген тәртіпте С.Салтанат тегін өзгертуге байланысты жаңа жеке куәлікпен құжаттандырылады.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии