Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Түркістан: Түлкібаста емдік туризм бағытындағы орталықтар ашылады

Қазіргі таңда "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жол бойында 3 ірі жобаның құрылысы жүруде.

Фото : Самат Мырзалиев12 февраля 2019, 15:22

Түркістан облысы Түлкібас ауданында өткен жылы 16 мың 658 турист келген. Оның ішінде 813 шет ел азаматтары. Жалпы 32 нысан 340,6 млн. теңгеге сапалы қызмет көрсетіп, көрікті жерлердің тізімі жасалып, келген туристерге ауданды таныстыру мақсатында туристік маршруттар құрылған.

Қазіргі таңда "Батыс Еуропа – Батыс Қытай" жол бойында 3 ірі жобаның құрылысы жүруде. Соның бірі – "Құрылыс" ЖШС жол бойы қызмет көрсету орталығы. Жобаның жалпы құны – 346 млн. теңге болса, ал сыйымдылығы 100 орын, жаңадан 25 жұмыс орны ашылады. Бүгінде құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған.

Сонымен қатар, "Шұқырбұлақ" жол бойы қызмет көрсету орталығының да құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталған. Жобаның жалпы құны 150 млн. теңге. Сыйымдылығы 50 орын. Жаңадан 12 жұмыс орны ашылады. Құрылыс жұмыстары 95 пайызға аяқталып отыр. ("Бизнестің жол картасы – 2020" бойынша 25 млн. теңге көлемінде газ құбырын жүргізу жұмыстарына құжаттар әзірленуде). "Шақпақ" жол бойы қызмет көрсету орталығын қайта құрылымдау, жобасының жалпы құны 76 млн. теңге болса, ал сыйымдылығы 30 орын, жаңадан 10 жұмыс орны ашылады.

Табиғи емдік туризмді дамыту мақсатында жұмыс істейтін "Жайлау" емдеу сауықтыру орталығы жобасының жалпы құны 347 млн. теңгені құрап отыр. Ал, сыйымдылығы 100 орын болатын орталықта жаңадан 50 жұмыс орны ашылмақ. Аталмыш жоба 2019 жылы іске асып, 2000 турист қамтылады деп жоспарлануда.

Саумалмен емдеу орталығы ("Нұрлыхан" ШҚ) жобаның жалпы құны 340 млн. теңге, сыйымдылығы 50 орын. Жаңадан 10 жұмыс орны ашылады деп күтілуде. Бұл жоба 2019 жылы іске қосылып, 1500 турист қамтылмақ. Облыстық бюджеттен инфрақұрылым жұмыстарына 103 млн. тенге қаржы қарастырылып, қазіргі таңда 55 млн. теңге бөлінді. Сонымен қоса, сыйымдылығы 70 орындық "Этно Парк" құру жобасы бар. Жобаның жалпы құны – 417 млн теңге. Жаңадан 30 адамға жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии