Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Талдықорған полициясы әлеуметтік желі арқылы қала тұрғындарымен онлайн кездесу өткізді

Кездесу барысында жол-патрульдік полиция қызметі, камералардың орнатылу тәртіптері сияқты бірқатар мәселелер талқыланды.

Фото : Алматы облысы ПД баспасөз қызметі12 февраля 2019, 15:36

Алматы облысы Полиция департаментінің телестудиясында Талдықорған қаласы полициясының басшылығы әлеуметтік желіде тікелей эфир өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс орталығы тұрғындарымен Талдықорған полиция басқармасының бастығы Асқар Нұрсапа тілдесіп, олардың сұрақтары мен нақты мәселелері бойынша жауап берді.

"Мазмұнды, әрі маңызды кездесу болды деп есептеймін. Халықпен тілдесу арқылы оларды толғантқан мәселелерді естідік. Бүгін Талдықорған қалалық полициясының басшылығы толық құрамда қатысып отыр. Біз азаматтардың арыз-шағымы бойынша жылдам әрекет етуге дайын екенімізді жеткізгім келеді. Барлық азаматтарды өз қаламыз бен қоғамымызды жақсартуға, дамытуға атсалысуға шақырамын",- деді полиция полковнигі А. Нұрсапа.

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылған әлеуметтік желідегі онлайн қоғамдық қабылдауға жергілікті танымал блогер, "Талдыкорганец" блогының әкімшісі Қайрат Абдрахман шақырылды. Кездесу облыстық полиция департаментінің "Instagram" әлеуметтік желісіндегі парақшасымен қатар, аталған блогердің парақшасында тікелей эфирде көрсетіліп, шахардың бас полицейіне түрлі мәселелер бойынша сұрақтар қойылды.

Тұрғындар жол-патрульдік полиция қызметі, "Крис П" құрылғысын қою тәртібі, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру мақсатында бейнебақылау камераларының қызметі және олардың санын көбейту, бұған дейін болған нақты қылмыстық деректер бойынша, оның ішінде қалаға қарасты ауылдардың бірінде болған мал ұрлығының ашылмауы, екі жыл бұрын болған кісі тонау фактілері және т.б. мәселелерді көтерді. Халықпен кездесу уақытын ескере отырып, қойылған сұрақтарға полиция басшысы мүмкіндігінше қысқа, әрі тұщымды жауап қайтарды. Сондай-ақ, кейбір нақты мәселелер бойынша толыққанды ақпарат ұсыну үшін тұрғындарды жеке қабылдауына шақырып, байланыс телефондарын берді.

"Полиция қызметінің ашық болуы үшін осындай қадамдар жасалуы тиіс. Әлеуметтік желі алаңында өңірдің мәселесін көтеру – мен сияқты блогерлермен қатар, оқырмандар үшін өте тиімді, әрі қолжетімді. Кез-келген мәселені халықпен онлайн талқылау, олардың пікірін білу ел алдындағы полиция беделін арттырады деп ойлаймын",- деді блогер Қ. Абдрахман.

Сонымен қатар, спикерге қойылған сауалдардың ішінде полиция құзыретіне жатпайтын мәселелер де көтерілді. Атап айтсақ, қалада аялдамалар салу, жаяу жүргіншілер өткелдерінің құрылысы және т.б. туралы айтылды. Полиция басшысы бұл мәселелерді қала әкіміне және тиісті органдарға жеткізетінін айтты.

"Интернеттің қолжетімділігін және азаматтардың әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланатынын ескере отырып, әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдаландық. Халықпен кездесудің, оларға қызметіміз туралы есеп беріп, мәселелерді қарастырудың заманауи әдісін қолдануды дұрыс деп шештік. Осындай кездесулер тұрақты негізде өткізілетін болады. Телестудияға өңірдегі белгілі блогерлерді шақырып, полиция қызметіне қатысты әртүрлі тақырыптарды көтеретін боламыз. Департамент басшылығы, қызметтер мен аудандық, қалалық полиция бөліністерінің басшылары әлеуметтік желі алаңында облыс тұрғындарымен тілдесе алады",- деп атап өтті облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии