Горячие новости
Читайте также

Ақтөбеде 300-ден аса жазасын өтеуші түрлі салада жұмыс істейді

Жұмысқа тартудағы мақсат – сотталушыларды еңбекке баулып, сол арқылы оларды қалыпты өмірге бейімдеу.

Фото : ria.ru5 марта 2019, 17:18

Түзету мекемелерінде арнайы кәсіптік білім беріледі, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысында жазасын өтеушілердің біразы жұмыспен қамтылып, түрлі салада еңбек етіп жүр. Аймақта 800-ге жуық сотталғандардың 300-ден астамы жұмыспен қамтылған. "Еңбек Ақтөбе" мемлекеттік кәсіпорынында 100-ге жуығы жұмыс істейтін болса, қалғандары шаруашылық қызметі мен басқа да салада.

"Қазіргі таңда КА-168/2 мекемесінде 30-ға жуық жазасын өтеуші ағаш ұстасы, электргаз дәнекерлеуші, металл жонушылар мен тігінші мамандықтары бойынша кәсіптік білім алып жатыр. Жұмысқа тартудағы мақсат – сотталушыларды еңбекке баулып, сол арқылы оларды қалыпты өмірге бейімдеу", — дейді Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметкері Нұргүл Жұмағұлова.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии