Горячие новости
Читайте также

"Реал" өз алаңында ұтылып, Чемпиондар лигасынан шығып қалды

Екінші жұпта "Тоттенхэм" дортмундтық "Боруссияны" тізе бүктірді.

Фото : sport.bigmir.net6 марта 2019, 08:36

Чемпиондар лигасының 1/8 финалында қарымта кездесулер ойналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мадридтің "Реалы" өз алаңында Голландияның "Аяксынан" ұтылды – 1:4. 7-ші минутта "Аякс" сапынан Хаким Зиеш, 18-ші минутта Давид Нерес, ал 62-ші минутта Душан Тадич доп соқты.

Доп айырмасын 70-ші минутта Маркос Асенсио қысқартса, 72-ші минутта Ласло Шене "Реал" қақпасына төртінші допты "тығып" кетті. Ойын соңында алаң иелері сапынан Начо қызыл қағаз алды.

Амстердамдағы алғашқы ойын 2:1 есебімен "Реалдың" пайдасына шешілген болатын. Енді екі кездесудің қорытындысы бойынша 5:3 есебімен "Аякс" жарысты жалғастырады.

Екінші жұпта немістің "Боруссиясы" Дортмундта ағылшынның "Тоттенхэмінен" ұтылды – 0:1. Жеңіс добын 48-ші минутта Харри Кейн соқты.

Бірінші ойында "Тоттенхэм" өз алаңында "Боруссияны" 3:0 есебімен тұқыртып тастаған болатын. Жалпы есеп 4:0, ¼ финалға "Тоттенхэм" шықты.

Бүгін түнде "Порту" "Романы" қабылдайды (алғашқы кездесу – 1:2), ал ПСЖ "Манчестер Юнайтедпен" кездеседі (2:0).

Қалған төрт жұптың ойындары келесі аптада өтеді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии