Горячие новости
Читайте также

Астаналық тұрғын зақымданған көлігі үшін 3 млн теңге өндіріп алды

Астананың Алматы аудандық сотының шешімімен "Астана Тазалық" ЖШС-нен елорда тұрғынының пайдасына шығын сомасы өндірілді.

Фото : alau.kz12 марта 2019, 17:41

Астана тұрғыны нөсер суы ағып кететін құдыққа түсіп кетіп, көлігін зақымдаған және ол сол үшін "Астана Тазалық" ЖШС-нен келген шығынды өндіріп алды, деп хабарлайды Zakon.kz Астананың Алматы аудандық сотына сілтеме жасап.

Сотта анықталғандай, әкімшілік полиция органдарына елорда тұрғынынан жол-көлік оқиғасы жайлы хабар келіп түскен. Ер адам BMW автокөлігімен келе жатып, нөсер суы ағып кететін құдыққа түсіп кетіп, көлігін зақымдап алған.

- Техникалық зақымның нәтижесінде келтірілген шығынның көлемі 2 993 891 теңгені құрайды. Ол бағалау есебімен дәлелденген. Астананың Алматы аудандық сотының шешімімен "Астана Тазалық" ЖШС-нен елорда тұрғынының пайдасына шығын сомасы өндірілді. Бірақ, шешім әлі заңды күшіне енген жоқ, - деп хабарлап отыр сот өкілдері.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии