Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Димаш Құдайберген The World's Best байқауынан өз еркімен шығып кетті

Қазылар алқасының мүшесі Рю Пол қазақстандық әншінің мұндай шешіміне риза емес екенін білдірді.

Фото : Zakon.kz14 марта 2019, 10:01

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген америкалық "The World's Best" шоу байқауынан кетуді ұйғарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол сахнада өнер көрсетіп болған соң қазылар алқасына балалармен жарысқа түскісі келмейтінін айтқан. Ал финалға шығу үшін Данэлия Тулешова мен индиялық бала Лидиан Надхасварам сайысқа түспек.

Қазылар алқасының мүшесі Рю Пол қазақстандық әншінің мұндай шешіміне риза емес екенін білдірді.

- Бұл байқауға сыйластық таныпауыңа сенің қалай дәтің барды, біздер әлемнің ең үздігін көру үшін осы жерге жиналып отырмыз. Сен өзің қайда келе жатқаныңды білдің,- деді ол.

- Сіздердің алдарыңызда өнер көрсету - мен үшін үлкен абырой, бірақ бұл менің өзімшілдігім емес, - деп жауап берді Димаш. Ол артынан жюридің өзін кейін түсінетінін айтты.

Қазақстандық өнерпазды жюридің басқа мүшелері мен жүргізуші Джеймс Корден жақтады.

The World's Best - Джеймс Корденнің ұйымдастыруымен өтіп жатқан ең алғашқы жаһандық таланттар байқауы. Бұл байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен келген шығармашылық адамдар барлық жанр бойынша қатыса алады. Олар тек жұлдыздардан құралған америкалық төрешілер Дрю Бэрримор, Ру Пол және Фэйт Хиллді ғана таңғалдырып қоймай, сонымен қатар құрамына 50 елдің ең тәжірибелі шығармашылық адамдары, кез-келген көңіл көтеру саласының хас шеберлері кіретін "әлем қабырғасы" - халықаралық жюрилер тобының жүректерін жаулаулары қажет. Байқау нәтижесінде тек бір қатысушы ғана әлемдегі ең мықты деген атаққа ие болады.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии