Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

ІІМ ҚТЖК төрағасының ұсталған бірінші орынбасары жұмыстан қуылды

ҚТЖК төрағасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Фото : patrul.kz14 марта 2019, 16:38

ҚР ІІМ ҚТЖК төрағасының бірінші орынбасары Бекболат Төремұратов ішкі істер органдарынан теріс мінездемемен қуылды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін хабарланғандай, 6 наурыз күні Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының ведомствоаралық жедел тергеу тобы Полиция департаментінің Өзіндің қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп жұмыс жасау нәтижесінде ІІМ Қылмыстық түзеу жүйесі комитеті төрағасының бірінші орынбасары Төремұратов Б.Т. ұсталған болатын.

- Аталған дерекке қатысты министрлікпен қызметтік тексеріс жүргізілді, оның шешімі ІІМ тәртіптік комиссиясының отырысында қаралды. Комиссия мүшелерінің бірауыздан шығарған шешіміне сәйкес, Төремұратов қызметтік тәртіпті өрескел бұзу, құқық қорғау органының атына кір келтірген әрекеті үшін бірауызды шешіммен ішкі істер органынан теріс мінездемемен қуылды, - делінген ІІМ хабарламасында.

Бұдан бөлек Төремұратовтың тікелей бастығы - ҚТЖК төрағасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.




Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии