Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Нан бағасы қымбаттай ма - министр пікірі

Жоғары сұрыпты ұннан жасалған нанның бағасы көтеркіңкі, 130-140 теңгені құрайды - Сапархан Омаров

Фото : sibkray.ru14 марта 2019, 16:45

Бүгін Үкімет үйіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров нан бағасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Қазіргі уақытта астық бағасы да айтарлықтай қымбаттап жатқан жоқ. Сондықтан нан бағасы шарықтап көтеріледі деген әңгіменің негізі жоқ. Бізде екі түрі, жоғары сұрыпты ұннан және бірінші сұрыпты ұннан жасалатын нан бар. Жоғары сұрыпты ұннан жасалған нанның бағасы көтеркіңкі, 130-140 теңгені құрайды. Ал бірінші сұрыпты ұннан жасалатын нанның бағасы 75-тен 78 теңгеге дейін. Халықтың негізгі тұтынатын наны осы бірінші сұрыпты ұннан пісіріледі", - деді министр.

Осы орайда ол жоғары сұрыпты ұннан жасалатын нанның бағасы неге жоғары екендігін айтты.

"Нан шығаратын кәсіпорындардың экономикасына да қарауымыз керек. Олар бірінші сұрыпты ұннан пісірілетін нанның бағасын ұстап тұру үшін жоғары сұрыпты ұннан пісірілген наннан пайда алуы керек. Ал негізінен халық тұтынатын нанның бағасы қымбаттап жатқан жоқ", - деді Сапархан Омаров.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии