Лента новостей
0

Өзгерістерді өзіңнен баста

zakon.kz, фото - Новости Zakon.kz от 19.03.2019 20:41 Фото: zakon.kz

Өзгерістерді өзіңнен баста

 

Қоғам бар жерде билік бар. Бұл - заңдылық. Билік - қазақ халқы үшін таңсық емес. Ата заманымыздан келе жатқан, өзіндік ерекшеліктерімен жан жақты қамтылған, дәстүрмен көркем ұштаса білген басқару мен елге қызмет ету үлгісі - ежелден-ақ әр заман талабына сай шебер қалыптасқан.

Біз кімбіз? Жау жағадан алғанда «Әруақ» деп атой салған кешегі Абылайдан, жаудан беті қайтпаған, қазақ үшін жанын қиған Хан Кенеден тарағанбыз. Атадан қалған асыл да ұлы мұралар - қасиетті тіл мен киелі діннің, кең байтақ жердің иесіміз! Сұсымен жауды сескендіріп, шешендігі көмейінен бал тамызған, қайратымен жерін қорғаған текті әке мен ары ақ кимешегіндей кіршіксіз аналардың қанынан жаралған осал ұрпақ емеспіз! Қоғам мен мемлекет біздей азаматтарға ерекше сенім артады және моральдық-әдептілік келбетімізге жоғары талаптар қояды. Қоғам, яғни халық бізден үлкен үміт күтіп, кәсіби қызметімізді адал түрде жүзеге асыратынымызға, Отанымызға қалтқысыз қызмет ететінімізге шек келтірмейді. Мемлекеттің айнасы - cіз бен біз, сол себепті еліміздің мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік кеңселердің жұмыс істеу тиімділігіне бөгет болатын іс-әрекеттерге бірауыздан қарсы тұруға тиіспіз. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтап, өзгелерден де соны талап ете білу - біздің басты мақсатымыз болып қала бермек.

Әділдіктері қара қылды қақ жарған атақты үш биді білмейтін қазақ жоқ десе де болады. Солардың үлкені, Төле би бірде әкесінен: «Қалай еткенде бірлік болады, оның күші қандай болмақ?» -деп сұрайды. Сонда әкесі, әуелі жауап айтпас бұрын, бір бума солқылдақ шыбық алдырады: «Балам, мынаны сындырып көрші.Төле буылған шыбықты олай-бұлай иіп сындыра алмайды.- Енді сол шыбықты біртіндеп сындыршы? Төле ортасынан буылған шыбықты шешіп, біртіндеп пырт-пырт етіп оп-оңай сындыра береді. Әлібек би:- Бұдан не түсіндің, балам? - дейді.Сонда Төле бала:- Түсіндім әке, бұл мысалыңыздың мәнісі: ынтымағы, бірлігі мықты елді жау да, дау да ала алмайды. «Саяқ жүрген таяқ жейді» демекші, бірлігі, ынтымағы жоқты жау да, дау да оп-оңай алады дегеніңіз ғой.- Бәрекелде, балам, дұрыс таптың. Ел билеу үшін алдымен елді ауызбірлікке, ынтымаққа шақыра біл. «Бақ қайда барасың дегенде, ынтымаққа барамын» дегенінің мәнісі осы», - депті.

Сонымен қатар, қазақ ұлтының келешегін ойлаған Абай өзінің өмірлік мақсатын халықтың болашағымен байланыстыра ұштастырып: «Мақсатым - тіл ұстартып, өнер шашпақ. Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ. Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер, Думан-сауық ойда жоқ әуел баста-ақ», - деген. Халқының адал перзенті Абай тағы бірде: «Мазлымға жаның ашып, ішің күйсін, Қарекет қыл, пайдасы көпке тисін. Көптің қамын әуелде тәңірі ойлаған, Мен сүйгенді сүйді деп, иең сүйсін», - дейді. Абайдың дүниеге көзқарасындағы ұстанған негізгі қағидасы - «Адам бол» деп, өз елін, келешек ұрпағын бірлікке шақырып, «Бірінді қазақ, бірінді дос, көрмесең істің бәрі бос» деген ақыл қосады. Бұл ұлағатты сөздер, бүгінгі қоғамдық сананы дұрыс дамытудың басты бағыттары болуы тиіс. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, алдымызда Елбасымыз қойған айқын міндеттер мен белгілі мақсаттар бар. Ұжым ортасында болсын, қоғам арасында болсын, іскерлік және өзара тілектестік қарым-қатынасты, ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал ете отырып, өзге мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың алдын алу және қарсы тұру, басшыға заңға сай бағыну қажет. Қандай жағдай болмасын, Ата Заңымызға сүйене отырып, ондағы басты құндылық - адам және оның құқығы мен бостандығы екенін жадымыздан шығармауымыз тиіс.

Ежелден қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған, жасқа демеу, кәріге сүйеу болған халық. Көршісінде болмаса, бір үзім нанын тең бөліп берген. Алдына келсе атасының құнын кешкен, қысым көрсеткенге әділ жазасын берген. Құқығым тапталды деп келген әр адам әділдікке жүгінген, айыпты жақ ат шапан айыбын төлеген. Еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін еш сыйлықсыз шынайы сыйласа білген, ауылына келген қонаққа танымаса да атынан түсіп сәлем берген. Байлық жиюды міндет қылмаған, абыроймен ақ адал нан табуды, үкілеп ұл, қылықты қыз тәрбиелеуді мақсат еткен. Міне, жазылмаған дала заңдары. Отан - от басынан басталады. Мемлекеттік қызметте жүрген әрбір адам күнделікті 8 сағаттық жұмыс уақытынан тыс кезде бірі - отағасы, ал енді бірі - от анасы. Тәрбие басы -тал бесік. Келер ұрпақ саналы болып, бейбіт елде тыныш өмір сүрсін десе, әркім өзі мен отбасын тәрбиелеуі тиіс. Өз ұрпағына жаны ашитын адам жемқорлыққа жол бермейді. Жемқорлық - ұят пен сенімнің, мейірім мен адалдықтың нағыз дұшпаны, бүтіндей бір елдің көзін жоюдың таптырмас құралы. Сол үшін әрбір азамат, отбасы мүшелерінің жүректеріне дүние мен атақ емес, мейірімділік пен еңбекке деген ынта, жігер дәнін себуі қажет. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілетін келер ұрпақтың тамырын қуалай аққан ыстық қан тоғысатын кеудедегі жүрек - елім деп соғуы керек. Сонда ғана Тәуелсіздігіміз тұғырлы, ұрпағымыз ғұмырлы болып, тарихымыздың тамыры тереңге кетпек.

Мен, Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшісінің әдеп жөніндегі уәкілі ретінде барлық сот қызметкерлерін ғасыр дерті - Жемқорлыққа қарсы тұруға және меклекеттік қызметкер ретінде әдеп нормаларын қатаң сақтауға шақырамын.

 

 

Қарағанды облысы бойынша соттар әкімшісі басшысының оранбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл

Дархан Ахашов

 

 

 

 

 

zkadm
Следите за новостями zakon.kz в:
Поделиться
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Будьте в тренде!
Включите уведомления и получайте главные новости первым!

Уведомления можно отключить в браузере в любой момент

Подпишитесь на наши уведомления!
Нажмите на иконку колокольчика, чтобы включить уведомления
Сообщите об ошибке на странице
Ошибка в тексте: