Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Алматыда есірткіге мас жүргізуші полиция қызметкерлерінен қашпақ болды

Ер адам қуғын кезінде ұзаққа бармай ұсталды, ал оның автокөлігі айып тұрағына жөнелтілді.

Фото : Алматы қаласы ПД Баспасөз қызметі20 марта 2019, 17:42

Алматылық полицейлер есірткіге мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Zakon.kz қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның хабарлауынша, "Қарасу" шағын ауданында орналасқан стационарлы полиция бекетінде жол-патрульдік полициясының қызметкерлері мас жүргізушіні анықтайды. Лада автокөлігін тізгіндеген ер адамның қылығы тәртіп сақшыларының күдігін тудырып, оны тоқтатпақшы болған. Бірақ ер адам полиция қызметкерлерінің заңды тоқтатуына бағынбай, қашып кетпек болған.

- Полиция қызметкерлері бернеше кварталдан соң жүргізушінің жолын кесу арқылы тоқтатқан. Анықталғандай, К. есімді азаматтың жүргізуші куәлігі болмаған, сонымен қатар автокөліктің де құжаттары жоқ болып шықты. Бұдан бөлек, куәгерлердің қатысуымен оның жеке өзін тексеру кезінде, жүргізушіден жасыл түсті өсімдік тектес есірткі заты анықталған. Ол сот-химиялық сарапамасына жіберілді. Қазіргі таңда Алатау аудандық Полиция басқармасымен аталған дерекке қатысты сот алды тергеу жүріп жатыр. Мұнымен қатар ұсталған жүргізуші біздің бөлімшенің қызметкерлерімен медициналық куәландыруға жеткізілді. Осы зерттеулердің нәтижесінде оның есірткіге мас болғаны дәлелденді, - деді Алматы қалалық ПД ЖПҚБ Жол-патрульдік полкінің командирі Манап Саттаров.

Аталған дерек бойынша жиналған материалдар, шешім шығару үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотқа жөнелтілді.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии