Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Алматыда әйелін ұрған еркек Нұр-Сұлтанның адамы екен

Сот-медициналық сараптамадан кейін әлгі еркектің әрекетіне құқықтық баға беріледі.

Фото : Вести15 апреля 2019, 15:38

Ерсі әрекетімен әлеуметтік желіні шулатқан еркекті полиция тауып алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өткен демалыс күндері әлеуметтік желіде 12 сәуір күні Орталық демалыс және мәдениет саябағы жанындағы мейрамхана алдында әйелді ұрып-соғып жатқан еркек туралы ақпарат тарап кеткен. Олардың жанында бір бала болған. Араша түспек болған бір куәгер әйел де таяқ жей жаздаған.

Алматы ПД хабарлағандай, әйелдерге қол жұмсаған адамның кім екені анықталды, ол Нұр-Сұлтанның тұрғыны болып шықты. Ол полицияға жеткізілді. Бәріне отбасылық жанжал себеп деп отыр. Жәбірленген әйел полицияға арыз жазбады. Арызды мені дөрекі түрде итеріп жіберді деген куәгер әйел жазыпты.

Сот-медициналық сараптамадан кейін әлгі еркектің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Полиция атап өткендей, бұл іс қайткен күнде де сотқа беріледі.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии