Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қаламқас кен орнындағы апат толықтай жойылды

Апатты жою жұмыстары туралы толыққанды мәлімет жарияланды.

Фото : "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС-і "Ақберен" Маңғыстау филиалы баспасөз қызмет15 апреля 2019, 16:09

"Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Ақберен" Маңғыстау филиалының құтқарушылары Қаламқас кен орнындағы №8237 ұңғымасында техногендік апатты жойды. Ведомство толық мәліметті жария етті, деп хабарлайды Zakon.kz.

19 құтқарушыдан құралған жедел топ 2019 жылдың 25 наурызы мен 4 сәуір аралығында ұңғыма сағасында кезекшілік тәртібімен бөлшектеу жұмыстарын атқарды. Саға шахтасы тазаланып, О 426 шегендеу бағанының жоғары бөлігі тегістелді. О 426 мм бағанына бағаналық фланецтің монтажы жасалып, гидравликалық қосарланған оймалы превентор құрастырылды. Превенторды басқарудың негізгі пульті іске қосылды.

Бұрғылау ерітіндісіне арналған ыдыстар қамбадан шығарылып, ұңғыма аумағынан әріге алынып тасталды. Осыдан соң, бұрма желілері монтаждалды. Ұңғыма сағасындағы газ-ауа ортасына метанды анықтауға арналған өлшеу үнемі жасалынып, ол теріс нәтиже көрсетті.

"Кәсіби әскерилендірілген авариялық құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі "Ақберен" Маңғыстау филиалының 19 құтқарушысы 9 күн бойы Қаламқас кен орнында кезекшілікте болып, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын абыроймен атқарды. Ауа-райының қолайсыздығы мен апаттың зардабына қарамастан, жедел топ мүшелері асқан жауапкершілік пен қалтқысыз қырағылықпен тапсырманы мүлтіксіз орындап шықты.

"Ақ Берен" жедел тобының бірқатар құтқарушысы ұңғыма маңында тәулік бойы кезекшілік атқарып, газ-ауа ортасына тұрақты өлшеу жасауда. Қаламқас кен орнында өрт орын алғаннан бері мамандар жұмыс істеп, ұңғымадағы құбыраралық аумақтың қысымын зерттеп, ауадағы газдың мөлшерін тексеруде. Қазір № 8237 ұңғыманың айналасында грифонбөлінісі және ұңғыма сағасындағы газауа ортасындағы метанның көлемін анықталмай отыр.

Қаламқас кен орнында "КӘАҚҚ РОШ" ЖШС-і "Ақберен" Маңғыстау филиалының "Урал-44202" жедел вахталық көлігі, "Урал-44202" жедел жүк көлігі, "Санг Ионг" көлігі және "Камаз-43118" базасындағы жылжымалы жөндеу шеберханасы, бұранда кесуге арналған станциясы бар гидравликалық құрылғы, қолмен тұрба кескіш, станциясы бар гидравликалық гайкакескіш сынды бірқатар техника мен құрал-саймандар қолданылды.


Больше важных новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии