Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Заң бұзушылықтарға жол берген банктерге 4,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды

2019 жылғы бірінші тоқсанда банктерге қатысты 59 ықпал ету шаралары қолданылған.

Фото : Zakon.kz25 апреля 2019, 15:38

Ұлттық банкте 2019 жылғы бірінші тоқсанда екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың іс-әрекеттерінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар туралы айтылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2019 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі тәуекелге бағдарланған тәсілді пайдалана отырып, қадағалап ден қою шараларын қолдануға өтуді жүзеге асырды.

Ұлттық Банк 2019 жылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың көрсетілген кезеңде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына мониторинг және талдау жүргізді.

2019 жылғы бірінші тоқсанда банктерге қатысты 59 ықпал ету шаралары қолданылды, оның ішінде:

- 9 әкімшілік айыппұл;

- 50 қадағалап ден қоюдың ұсынымдық шаралары.

Жүргізілген талдау нәтижелері банктер көп жағдайда Қазақстан Республикасының банк заңнамасында, сондай-ақ Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген мынадай тәртіптерді сақтамайтынын көрсетті:

- банктік қарыздарға қызмет көрсету;

- төлемдер және ақша аударымдары;

- банкоматтарға қызмет көрсету.

Банктік қарызға қызмет көрсету тәртібі бойынша банктерде:

- қарыз алушыға несие бойынша берешек туралы дәйексіз ақпаратты ұсынуға;

- тел қарыз алушыға қарыз бойынша мерзімі өткен берешектің болуы туралы хабарламауға;

- мерзімі өткен берешектің мөлшерін көрсетпеуге және қарыз алушыға міндеттемелерді орындаудың мерзімін өткізу туралы хабарлама жіберген кезде банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді орындамаудың салдарына;

- банктік заңнамада көзделген кезде банктік қарыз шарты бойынша міндеттемелерді бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) мөлшерін асыруға;

- несие бойынша берешекті қате есептеуге байланысты кепіл мүлігіне құқық белгілейтін құжаттарды беруден бас тартуға;

- банк қызметкерінің банк клиентімен қарыз бойынша берешек мәселелері бойынша телефон арқылы өзара іс қимыл кезіндегі жосықсыз іс қимылына;

- банк қарыз алушыға банктік қарыз шартын мерзімінен бұрын ішінара өтеген кезде оған қосымша келісімге қол қоюға ұсынатын шартта көзделген мерзімдерді сақтамауына;

- банктік қарыз шарты бойынша берешекті өтеудің кезектілігін сақтамауға;

- шарт бойынша төлемдерді енгізу туралы қарыз алушының хабарламасында мерзімі өткен берешектің мөлшері туралы ақпараттың болмауына;

- қарыз алушыға мерзімі өткен берешектің мөлшерін көрсете отырып, шарт бойынша төлемдерді енгізу қажеттілігі туралы хабарламауға;

- кредиттік бюроға қарыз алушының келісімісіз ол (кредиттік тарих субъектісі) туралы мәліметтерді ұсынуға;

- кредиттік тарих субъектісінен алынған мәліметтерді кредиттік бюроға ұсынбауға, сол сияқты уақтылы ұсынбауға;

- кредиттік бюроға дәйексіз мәліметтерді ұсынуға қатысты бұзушылықтар анықталды.

Төлемдер және ақша аударымдарын жүзеге асыру тәртібі бойынша:

- қарыз алушының ағымдағы шотынан төлем талабы бойынша ағымдағы шотқа келіп түскен сомадан 50%-дан астам ақшаны есептен шығаруға; -

- төлем талабы бойынша ақшаны негізсіз алып қоюға/қарыз бойынша берешекті өндіріп алуға төлем талабын негізсіз ұсынуға (сот актісі болған кезде);

- клиенттің банктік шоттарына ұсынылған үшінші тұлғалардың талаптарын орындау кезектілігін сақтамауға;

- төлем талабы бойынша ақшаны уақтылы есептен шығармауға;

- қарыз бойынша берешекті төлем талабын пайдаланбай есептен шығару үшін қарыз алушының банктік шоттарынан ақша алуға;

- қарыз алушыдан төлем талабы негізінде төлем мерзімі келіп жетпеген қарыз шарттары бойынша негізгі борыштың қалдығын және сыйақы өндіріп алуға;

- картотекаға енгізілген төлем талабын уақтылы орындамауға;

- жөнелтушінің оны қайтарып алу туралы өкім бар болса төлем талабын орындауға;

- қоса қарыз алушылардың банктік шоттарынан банктік қарыз шарттары бойынша төлем талабын пайдаланбай ақшаны есептен шығаруға;

- бір банктік қарыз шарты шеңберінде бір мезгілде бірнеше төлем талабын ұсынуға;

- банктік қарыз шарты бойынша төлем талабын ұсыну арқылы тұрақсыздық айыбын өндіріп алуға;

- ақша аудару бойынша нұсқауды уақтылы орындамауға;

- олардың негізінде ұсынылған құжаттарды қоса бермей және төлем мақсатында олардың деректемелерін көрсетпей төлем талабын ұсынуға қатысты бұзушылықтар анықталды.

Банкоматтардың қызмет көрсету тәртібі бойынша:

- банкоматтың ақшаны уақтылы бермеуіне;

- банкоматта бейнебақылау камерасының болмауына қатысты бұзушылықтар анықталды.

2019 жылғы 1-тоқсанда әкімшілік жауапкершілік көзделген бұзушылықтар үшін банктерге ұсынылған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 4 млн 500 мың теңгеден астам болды.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии