Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Күрдтер басты. Армения халқы табиғи жолмен азайып келеді

АҚШ соңғы жылдары күрдтерді қолдайтынын байқатып отыр.

Фото : kavkazplus25 апреля 2019, 17:12

Армяндардың 3 миллиондық саны табиғи жолмен азайып келеді. Олар Ресейде, Францияда, АҚШ-та бизнес құрғысы келеді. Армяндардың жерінде қазір өсімтал және көп санды күрдтер қоныстанып алды, деп жазады қазақ саясаттанушысы Әзімбай Ғали өзінің facebook-тегі парақшасында.

– Армения өзінің 3 миллион халқымен, өзінің тарихи кең байтақ жерлерін қайтара алмас. Армяндардың 3 миллиондық саны табиғи жолмен азайып келеді. Олар Ресейде, Францияда, АҚШ-та бизнес құрғысы келеді. Армяндардың жерінде қазір өсімтал және көп санды күрдтер қоныстанып алды. Болашақта сол жерлерде Күрд мемлекеті құрылу мүмкін, себебі – олардың біразы Түркияда, Иранда, Иракта, – дейді ғалым.

Әзімбай Ғалидың ойынша, АҚШ соңғы жылдары күрдтерді қолдайтынын байқатып отыр.

– Иран – отаршыл империяшыл мемлекет, оның құрамында 20 миллион әзірбайжан бар. Ал парсылар 54% дейді білгіштер. Сол өлкедегі күрдтердің саны 30 миллион, бұл тіпті аз дегендегі саны болуы ықтимал. Сонымен Армения жерін кеңейтпек болып, Қарабахты Әзірбайжаннан тартып алды, сонымен өздері үлкен әскери саяси, экономикалық тауқыметтерге ұрынды. Осылайша оқымысты, еңбекққор және өнершіл армян халқы таусылмас экономикалық бас ауруын тауып алды. Менің түйгенім, қазаққа бейбітшілікпен қатар, тыныш, өсімтал, білімді, дәулетті мемлекет дәуірін жалғастыру керек, – деп түйіндейді ол өз ойын.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии