Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

"Объем" үшін артық төлеме. Блогер Lada Vesta 1.6 мен 1.8-ді жарыстырды

Екеуінің жүріс жылдамдығында айтарлықтай айырмашылық болмаса – артық ақша төлеудің қажеті қанша?

Фото : vladtime.ru30 апреля 2019, 14:45

"Вестаның" "механика" орнатылған екі нұсқасын жарыстырудың мақсаты – шамамен 600 мың теңгеге қымбатқа сатылатын 1,8 литрлік версия қаншалықты жылдам екенін анықтау, дейді vladtime.ru.

Lada Vesta-ның 1,8 литрлік қозғалтқышы 122 аттың күшін өндіреді, ал 1.6 қозғалтқышынан 106 күш әрең шығады. Бірақ екеуінің жүріс жылдамдығында айтарлықтай айырмашылық болмаса – артық ақша төлеудің қажеті қанша?

YouTube-тегі Arena Auto каналының блогері 1.6 мен 1.8 нұсқаларын өзара жарысқа салды.

Екі мәшинеге бірдей дискі мен дөңгелек орнатылды, екеуінің де жабдықталуы бірдей болды.

Орнынан қозғала салғанда 1,8 бірден алға ытқыды. Одан кейін де оза беріп, екі-үш корпусқа алға шығып кетті.

Сосын екі көлік "екінші скорыстан бастап" жарысып көріп еді, 1,8 тағы да озып кетті. Екі мәшине он-шақты рет жарысқа түсті, бірақ блогердің сөзінше 1,6 модификациясы бір де бір рет қарсыласынан оза алмаған.

Сол себепті орнынан сәл-пәл тезірек "разгон алатын" көлік сіз үшін маңызды болса, Vesta 1.8-ді таңдауға болады, деп қосады блогер.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии