Новости
В других СМИ
Загрузка...
Читайте также
Новости партнеров

Қоқыс әлі жанып жатыр: Алматының түбіндегі өртті неліктен тік ұшақпен сөндірмей отыр

Бұған дейін от тұтанған сайға өрт сөндіру көліктерінің бара алмауы себебінен оны сумен емес топырақпен сөндіріп жатқандықтары хабарланған болатын.

Фото : BNews.kz16 мая 2019, 12:37

Алматы облысында 12 сағаттан бері қоқыс полигоны жанып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz Алматы қаласы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

- 00 сағат 12 минутта Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментіне Бостандық және Медеу аудандарының тұрғындары қоңырау шалып, ауада күйіктің улы иісінің таралып жатқанын хабарлаған. Мән-жай белгілі болған соң, Алматы облысы, Қарасай ауданы, Әйтей ауылдық округі мекен-жайында орналасқан тұрмыстық қатты қалдықтарды жоятын полигонда, болжам бойынша 1 га аумақта қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардың жанып жатқандығы анықталды. Соның нәтижесінде қаланың жоғарғы жағында ауаға иіс тараған. Қазіргі таңда оқиға орнында Алматы облысының өрт сөндіру техникасы бар, - деп хабарлап отыр Алматы қалалық ТЖД.

Алматы облысы ТЖД мәліметінше, қоқыс жанған сайдың тереңдігін ескере отырып, өрт тұтанған аймаққа 5 бульдозер, 2 тигеш, 2 экскаватор және 2 самосвал сияқты инженерлік техникалар тартылған.

Бұған дейін от тұтанған сайға өрт сөндіру көліктерінің бара алмауы себебінен оны сумен емес топырақпен сөндіріп жатқандықтары хабарланған болатын.

Ал, өртті сөндіруге неге тік ұшақ қолданбасқа деген сұраққа ҚР ІІМ ТЖК аталған полигонға жауап беретін "Kaz Waste Conversion" ЖШС өртті өз күштерімен сөндіруге құлық танытып отыр деп жауап берді. Бұдан бөлек, ТЖК, бұл сияқты полигонда тұтанған өртті сөндірудің өз ерекшеліктері бар екендігін жеткізді.

- Қоқыс астыңғы жағынан жанып жатыр, оны сөндіру үшін үстіңгі қабаттарын қазып алу қажет, сондықтан тік ұшақты пайдалануға еш негіз жоқ. Компаниядағылар өртті өз күштерімен топырақпен сөндіретіндіктерін айтты, - деді ҚР ІІМ ТЖК өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов.

Бірақ, "Kaz Waste Conversion" ЖШС компаниясының өзі әзірге ештеңе айта алмай отыр.


Больше новостей в Telegram-канале «zakon.kz». Подписывайся!

сообщить об ошибке
Сообщить об ошибке
Текст с ошибкой:
Комментарий:
Сейчас читают
Читайте также
Загрузка...
Интересное
Архив новостей
ПнВтСрЧтПтСбВс
последние комментарии
Последние комментарии